Ақжарқын Тұрлыбай ісі: Қазақ қызының Қытайға сапарын ұйымдастырған нигериялық ұсталды
Қытайда сотталған қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай ісі бойынша күдікті ретінде танылған Нигерия азаматы ұсталды. Бұл туралы отандық адвокат Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Балалар жылына арналған жоспарға нақты балалар проблемасын шешетін шаралар енуі керек – Аймағамбетов
Алдын ала ақпарат бойынша, шет мемлекеттің территориясында 2014 жылы Ақжарқын Тұрлыбайдың Қытайға сапарын ұйымдастырды деп күдікке ілінген Нигерия азаматы Адиндо Нонсо Фортуне - "Джонни" ұсталды. Осы негізде ақпарат алу үшін ҚР ІІМ-ге адвокаттық сұрау жолдадым, - деді Сұңқар Нұрмағамбетов.
Айта кетелік, 2015 жылы ҚР ІІМ Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында ұсталды. Оған есірткі контрабандасы бойынша айып тағылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Ақжарқынның қорғаушылары оны Қазақстанға қайтару жолында күресіп келеді.