Ақтөбе облысында күніне екі адам өз-өзіне қол жұмсайды
Ақтөбе облысының прокуратурасы өңірде өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің көбеюіне алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.
Осы жылы мұндай фактілердің саны үштен біріне – 128-ден 168-ге өсті. 47 адам қаза тауып, 121 адам құтқарылды.
«Күніне орта есеппен 2 суицид жасалады. Мұндай фактілердің көбі Ақтөбе (143), Мұғалжар (5), Шалқар (4), Мәртөк, Әйтеке би аудандарында (әрқайсысында 3 факті) жасалған» деп хабарлады прокуратура.
Көпқабатты үйлердің терезелерінен секіріп, өз-өзіне қол жұмсау қоғамда ерекше резонанс тудырды. Биыл осындай 5 факті тіркелді.
«Тек сәуір айының өзінде үш әйел көпқабатты үйлерден секірді. Аталған оқиғаның біреуі «Ақтөбе-Ажары» тұрғын үй кешенінің 25 қабатты ғимаратында, екіншісі – Ақтөбенің орталығындағы 9 қабатты ғимаратта болды» деп еске салды ведомство.