АҚШ-қа бір ауыз ағылшынша білмей аттанып, миллионер атанған шымкенттік жігіт

АҚШ-қа бір ауыз ағылшынша білмей аттанып, миллионер атанған шымкенттік жігіт

 23 жасында АҚШ-қа кетіп, бүгінде сонда өз кәсібін дөңгелетіп, инвестор атанған шымкенттік жігіт өзінің жүріп өткен жолын айтып берді. Youtube-тағы "Төртеу түгел болса" жобасының қонағы болған кәсіпкер Талғат Белесов Қазақстаннан кетуіне не түрткі болғанын, Америкада миллионер болудың қиындығы мен қызықтары жайлы сөз қозғады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

10 жылдан бері АҚШ астанасы Вашингтонда тұрып жатқан Талғат Белесовтің сол елде жүк тасымалы, жылжымайтын мүлік және IT саласында кәсібі бар. Талғат АҚШ-қа барғанда тіл білу деңгейі өте төмен болғанын айтады.

 

"17 жасымда Алматыға университетке түстім. Бірінші курстан соң оқудан шығып кеттім. Жұмыс істеп, қайта оқимын деп ойладым. Мұнай саласында білім алдым, группаластарым жағдайы жақсы отбасылардан болды. Мен күнде кітапханадан шықпайтынмын. Ол кісілер сессия біткенде келіп кететін. Ешкімге ренішім болған жоқ. Бірақ оқу бітірудің сондай да жолы бар екенін білдім.

Оқудан шығып, Атырауға барып жұмыс істедім.

Практикант болып бастап, бір компанияда директордың орынбасарына дейін көтерілдім.

Ол жұмысым маған қызық болмай, бәрін тастап астанаға кеттім. Мақсатым - қалаға келіп мемлекеттік жұмысқа кіру болды. Автобус айдадым, жолаушы тасымалымен айналыстым. Астанада үлкен кісілердің (шенеуніктерді - ред.) көлік жүргізушісі болдым. Америкаға кету туралы ой жазда, елдің бәрі шетелге демалысқа кететін кезде пайда болды. Мен демалыста Дубайға барып құмға жатып қайтқым келген жоқ. Бірден үш айға жұмыстан сұранып, Америкаға тіл оқып келемін деп кеттім", - дейді Талғат.

 

Талғат АҚШ-қа барғанда өзі қатарлы ТМД елдерінен келген жігіттермен бірге жүк тасушы болып жұмыс істеген. Ол елге бос қайтпай, америкалықтардан көп нәрсе үйренгісі келіп, өзіне тағы да мақсат қойған.

 

«Америка мұхит сияқты, жүзе алмасаң батып кетесің, мен барлық салада нөлден бастап үйренгендіктен маған онша қиын болған жоқ. Ол жерден кәсіп ашуға потенциалды көрдім. Бірнәрсе үйренбей қайтпаймын деген мақсат қойдым.

Үш айда тіл үйрене алмайсың. Бұл жерде тіл де емес, адамға керек ойлау қабілеті қаншалықты маңызды екенін білдім. Олардың ойлау жүйесін үйреніп алуым керек болды.

Ол жақта төрт айдан кейін өз бизнесімді бастадым. Мувиң (moving - қаладан қалаға, кеңсеге және пәтерлерді көшіру) компаниясын аштым», - дейді кәсіпкер.

 

Талғат Белесов кәсіптегі алғашқы жылдарында тәулігіне 20 сағат жұмыс істегенін, соның салдарынан рак ауруына шалдығып, емделгенін де атап өтті.

 

"Ауруханаға түсіп, диагнозың рак дегенде, өзімді, кәсібімді паузаға қойып, жұмысымды тоқтатып, ойландым. Операциям жақсы өтті. Одан кейін өмір салтым түгел өзгерді. Біз көп уайымдайды екенбіз. Уайымдайтын ешнәрсе жоқ екен", - дейді ол.

 

Талғаттың айтуынша, егер адамдар дәл Америкадағыдай елімізде де еңбек етсе, бұл жақта да баюға болады.

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста