"Аңыз адам" мен ардагерлерді арандатып отырған кімдер?

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Аңыз адам» журналы туралы «аңыз әңгіме» сценарийінің екінші сериясы басталды. 26 сәуір күні Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан он ардагер бірлесіп, Гитлер туралы жазғаны үшін «Аңыз адам» журналын сотқа беріпті. Бүгін №2 Алмалы аудандық сотында осы істің алғашқы отырысы болды, - деп хабарлайды «Алаш айнасы» басылымы.
Сот ашық есік жағдайында өтті. Даулы істі Алмалы аудандық соты судьясы Әсет Боранбаев қарады. Бірақ, арыз жазған 10 ардагердің біреуі де сот отырысына қатыса алмады. Сенімхатпен келген шағымданушылардың өкілі Нұртас Ахметов «Аңыз адам» журналы Адольф Гитлерді «жақсы жағынан сипаттап, фашизмді насихаттады» дей келіп, Жарылқап Қалыбайдың соғыс ардагерлері алдында жариялы түрде кешірім сұрауын және әр шағымданушының пайдасына одан 5 миллион теңге (барлығы 50 миллион теңге) моральдік шығын төлеуін талап етіп отырғандықтарын тілге тиек етті. “Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам” журналының редакторы Жарылқап Қалыбай шағымданушылардың өкіліне «журналды толығымен оқыдыңыз ба?» деген сұрақ қойып еді, Нұртас Ахметов мардымды жауап бере алмады.
“Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам” журналының адвокаты Адайбек Бейімбетов өз кезегінде ардагерлердің бұл шағымы негізсіз екенін Заң бабтарымен дәлелдеп, шағым талаптарын өздерін қанағаттандырмайтынын жеткізді.

“Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам” журналының адвокаты Адайбек Бейімбетов

Жарылқап Қалыбай да соттың сұрақтарына жауап беріп, өзіне әлдекімдер ардагерлерді айдап салып отырғанын айтты. Судья Әсет Боранбаев Жарылқап Қалыбайдан кінәсіз екендін дәлелдейтін айғақтарды келесі сот отырысына ала келуін өтінді. Ал, Қалыбай ондай айғақтарды жинап, ақталуды ойламайтынын, әуелі шағымданушы тарап өзінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақтарды көрсетуін сұрады.


Жарылқап Қалыбай, “Жұлдыздар отбасы – Аңыз адам” журналының редакторы:
– Шағым түсірген ардагерлердің 7-еуі «Мамыр-7» ықшамауданындағы «Ардагерлер үйінде» тұрады екен. Демек, оларды белгісіз бір адамдар желіктіріп, айдап салып отыр. Өз басым сол 10 ардагер қазақ тіліндегі журналды оқыды дегенге сенбеймін.

Біз сот отырысынан шығып, шағымданушылармен тілдесу үшін «Мамыр-7» ықшамауданындағы «Ардагерлер үйіне» ат басын бұрдық. Осы шағымға қол қойған М.Целуева мен П.Протасенкомен тілдестік. Бір қызығы шағымда П.Протасенконың мекен-жайы «Алматы қаласы, Төле би көшесі, 177 үй, 20 пәтер» деп көрсетілген. Сөйтсек, бұл ардагер анамыз да «Ардагерлер үйінің» тұрғыны болып шықты. (Осы шағымдағы тізімді нақты тексеру қажет. Өйткені, 10 азаматтың бәрі де «Ардагерлер үйінен» болып шығуы әбден мүмкін)


Мария Целуева, «Ұлы Отан» соғысының ардагері:
– Біз сендердің болашақтарың үшін қан кештік. Енді міне, қадірсіз адам болып қалғанымызға ішім оттай күйеді. Журналыңды білмеймін, оны маған ешкім әкеп көрсеткен жоқ. Оқығам жоқ. Мен бір газет оқыдым. Сондықтан да, бұл шағымға қол қойдым. Бірақ, сендер айтып отырған 5 миллион теңге өндіріп алу туралы ешқандай талаппен таныс емеспін. Бүгінгі сотта не айтылғанын, не қозғалғанын білмеймін. Маған десе, 10 миллион өндіріп алсын.

П.Протасенко анамыз өзінің пленге қалай түскенін айтып, көзіне жас алды. Ол кісі де «Аңыз адам» журналын оқымағанын ашық айтты.

  П.Протасенко

Арыз жазушылардың орта жасы 90-да екен. Ең жасы П.Протасенко апамыз 83-те. «Ардагерлер үйінің» қызметкерлерінің айтуынша, ардагерлердің 3-4-еуі өздігінен жүріп-тұра алмайды.

                Ардагерлердің талап-арызынан үзінді

«Алаш айнасының» түйіні
Арыз беруші 10 ардагердің моральдық өтемақысын 50 миллион теңгеге кім бағалап отыр? Ендігі қойылар сауал осы. Егер де сотта ардагерлер жеңіске жетсе, бұл қаржы «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласы филиалының есеп айырысу шотына аударылуы қажет екен. Неге? «Аңыз Адам» журналын оқымақ түгілі қолына ұстап көрмеген ардагерлерді сот залына сүйретіп әкеліп, төсек тартып жатқан ақсақалдардың қолымен от көсемек болып отырғандар кімдер? Біз бұл сұрақтың жауабын ертең іздейтін боламыз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста