Алматылықтардың асқазаны ауырады

Алматылықтардың асқазаны ауырады

Елімізде дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болатын асқазан ауруларына шалдыққандар өте көп. Олардың дені – жасөспірімдер мен балалар. Мамандар бұған орынсыз диеташылдық пен құнарсыз азық-түлікті айыптайды.
Асқорыту жүйесі аурулары қан айна­лымы мен тыныс алу мүшелерінің сыр­қат­тарынан кейінгі үшінші орында. Аталған дертке елімізде 100 мыңға шаққанда 15 130 бала, 30 770 жасөспірім, 12 410 ере­сек адам шалдығады екен. Күнделікті жіті қадағаланбайтын, назардан тыс болып жүрген мәселенің өзектілігінде дау жоқ. Қазақ­стандықтарды ғана емес, бүкіл әлем­ді сескендіріп отырған жаһандық проб­ле­маны шешуге алғашқы қадам жасалды. Жуырда Алматы қаласында Қазақстан ұлттық Гастроэнтерологтер қауымдастығы, Қазақ тағамтану академиясы мен «Данон Беркут» компаниясы Дүниежүзілік гаст­ро­эн­терологтер ұйымының басшылары бас қосты. Жиында асқорыту мәселесі жан-жақты талқыланып, тығырықтан шығудың тиімді жолдары қарастырылды. Шараны ұйымдастырудың мақсаты – дұрыс тамақ­тану мәдениетін қалыптастыру мәселесіне жұртшылықтың назарын аудару. Ма­ман­дардың айтуынша, дамыған елдердің бәрінде бұл мәселе мемлекеттік деңгейде көтеріледі. Бұл Қазақстан қол қусырып қарап отыр деген сөз емес. Елімізде ден­сау­лық сақтау мәселелері жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы да бар. Бірақ бұл аурудың тырнағына ілігетіндердің саны күн санап өсуде. Асқазан аурулары жөнінен республика бойынша Алматы мен Алматы облысы ең бірінші орында. Ста­тис­тика бойынша оңтүстік астанада 2011 жылы 100 мың адамның 19 490-ының ас­қо­рыту жүйесі сыр берген. Мамандардың пікі­рінше, диеташылдыққа дағдылану мың­даған адамның өмірін қысқартып жатыр. Мәселені шешудің бірнеше жолы бар, бірақ әжептәуір уақыт пен мемлекеттің көмегі қажет.
Роза Бектаева, Қазақстан ұлттық гастро­энт­ерологтер қауымдастығының басшысы, ҚР WGO гастроэнтерологтер қауым­дас­ты­ғының мүшесі, профессор:
– Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік дұрыс асқорыту күнін атап өтіп, әлемнің өзге 50 елінің қатарына қосылды. Отандастарымыз асқорыту жүйелері мен уақтылы тамақтануға бейжай қарай­ды. Ол дұрыс емес. Себебі адам ағзасындағы сырқаттың барлығы да дұрыс тамақтанбаудың кесірінен бола­ды. Алматы қаласының алғашқы орын­да тұруының бірден-бір себебі – әмбебап дүкендерден сатып алынатын азық-түлік. Олардың барлығы да сырт­тан келген өнімдер. Денім сау болсын десең, туған жерде өсіп шыққан өнімді қол­дану керек. Ол тіпті Құранда да айтыл­ған.

Олег Бабак, WGO Украина гастро­эн­те­рологтері қауымдастығының басшысы, про­фессор:
– Дұрыс тамақтану жер бетінде өмір сү­ретін кез келген адамға қатысты бол­ғандықтан, бәріміз үшін маңызды болуы керек. Қазір жаман әдет қалып­тас­қан. Дәрігерге аурудың асқынған шағында барып, дәрі ішіп, диетаға сеніп жазылып кетемін деп ойлайды. Әлемде ондай ойлы адамдардың әрбір бесіншісі обыр ауруына шалдығып, көз жұмады. Жұмыстан қолы босамайтын жұртшылықтың санасына дұрыс тамақ­тануды сіңіру үшін мемлекеттен көмек қажет. Мысалы, білім беру бағ­дар­ла­масына қосымша дәрістер оқылатын са­ғаттар қосуға болады немесе дәрі­герлердің тегін кеңес беру қызметтерін ашу керек. Өкінішке қарай, маман­дар­дың тапшылығы қазір қиындық туғызып отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста