Алматыдағы "Солнышко" балабақшасында аула сыпырушы бүлдіршіндерді азғырған

Алматыдағы "Солнышко" балабақшасында аула сыпырушы бүлдіршіндерді азғырған

Алматыдағы "Солнышко" балабақшасында аула сыпырушы ер адам бүлдіршіндерді азғырған. Sputnik Қазақстан тілшісі балалардың құқын қорғап жүрген адвокат Айман Омаровамен тілдесіп, оқиғаның қалай болғанын білді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Айман Омарованың айтуынша, ата-аналар бір сұмдықты сезіп, бір-бірімен ақылдасқан. Сөйтіп балаларынан ақырындап сұрай бастаған.

 

"Балабақшаға 4, 5, 6 жастағы балалар барады. Ата-аналар бәрін кейін білген. Балаларынан сұраса,"біздің құпиямыз бар, ешкімге айтпауымыз керек" деген. Жаңағы кісі балабақшада жұмыс істейді екен. Балалардыңбірі "бақшада жұмыс істейді"деген, бірі "аула сыпырушы" деген", - дейді адвокат Айман Омарова.

 

Балалардың барлығы оқиғаны бірдей етіп сипаттап берген.

 

"Балалардың айтуынша, кішкентай үйшікбар екен. Сол жерге балаларды апарып, іш киімін шешкізген. Ер адам өзі де іш киімін шешкен. Бір кішкентай қыз "ағаның мүшесі үлкен, бұтына дәретін жіберіп қойды" деген. Кейбір балалар жаңағы ер адамның балалардың денесінен, ішінен ұстап ойнағанын айтқан", - дейді адвокат.

 

Бұл сұмдықты естіген ата аналар "Солнышко" балабақшасының басшылығына шағымданған.

 

"Алайда балабақша басшысы ата-аналардың наразалығына құлақ аспаған. Басшысына, әдіскеріне, басқа қызметкерлерге айтқан. Бірақ бұл істі сол күйі қарамаған", – дейді адвокат.

 

Оқиғаға қатысты Алматы қаласы полиция департаменті түсініктеме берді.

 

"Қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 124 бабы 3 бөлігіне сәйкес тіркеп, тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу барысы ПД басшылығының бақылауында", - дейді ведомство.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста