Алматыдағы 13 ғимарат адам өміріне қауіпті

Алматыдағы 13 ғимарат адам өміріне қауіпті

Алматыда сот шешіміне сәйкес, оннан астам әкімшілік және оқу ғимараттарын пайдалануға тыйым салынды. Себебі бұл нысандарда техникалық қауіпсіздік ережелері сақталмаған, өртке қарсы құрал-жабдықтар жоқ.

Пайдалануға тыйым салынған нысандардың барлығы зәулім ғимараттар, яғни биіктігі он қабаттан жоғары. Нақтырақ айтсақ, адам өміріне аса қауіпті нысандар қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректораты орналасқан бас ғимарат, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Тимирязев көшесіндегі «GSM Қазақстан» акционерлік қоғамы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» және Сәтбаев көшесінде орналасқан «Рахат Тауэрс» ғимараттары бар. Аталған нысандардағы келеңсіздіктер арнайы жүргізілген тексеру барысында анықталған. «Құдай бетін ары қылсын, аяқ астынан өрт тұтана қалса, биік ғимараттардан аман шығу екі талай», – дейді өртке қарсы қызмет мамандары. Өйткені бұл ғимараттар өрттен сақтану құралдарымен жабдықталмаған. Апат кезінде шығатын есіктер мен баспалдақтар іске қосылмапты. Ал кейбірінде өрт сөндіру техникалары тозып, істен шығып қалған.

Төлеген ОМАРОВ, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өрттен бақылау басқармасының бас маманы:
– Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі оқу корпустары мен жатақханаларының кейбірінде өрт хабарлағыштары жоқ. 90-шы жылдары орнатылған өртке қарсы қондырғылар істен шыққан. Ал бас ғимараттағы дыбыс зорайтқыш жұмыс істемейді. Тексеру нәтижесінде заңды тұлғаға 31 825 теңге айыппұл салынып, сот шешіміне сәйкес, ғимаратты пайдалануға тыйым салынды. Қазіргі уақытта аталған ғимараттарға қатысты сот шешімі орындауға жіберілді.
Еліміздегі ең ірі  жоғары оқу орны – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ғимараттарының талапқа сай келмеуі кім-кімді де ойға қалдырары анық. Сол себепті жаңа оқу жылы таяған тұста анықталған бұл олқылық туралы университет басшыларының пікірін білдік.

Нұрлан ЫБЫРАЙЫМ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Даму және құқықтық мәселелер жөніндегі проректоры:
– Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шілде айының 28-і күні осы олқылықтарды реттеу үшін сот шешімін 2010 жылдың наурызына дейін ұзартты. Себебі төтенше жағдайлар мамандары өткен жылы жүргізген тексеру кезінде бұл кемшіліктер жайлы бізге ескертпегендіктен, қажетті құрал-жабдықтарды алу биылғы жылдың мемлекеттік сатып алу жоспарына енбей қалған. Университет жоғары оқу орындары арасында ең бірінші орында тұр. Мұнда 15 000-нан астам студент білім алуда. Егер оқу орны өз жұмысын тоқтататын болса, республикадағы отандық білім беру әлсіреп қалады. Сот осы жағдайларды ескеріп отыр.

Жалпы, оңтүстік астанада он қабаттан асатын биік ғимараттар саны – 27. Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің мәліметінше, бұлардың бірінде өрт қауіпсіздігі ережелері толығымен сақталмаған. Ал еңселі ғимараттары көкпен таласқан Астана қаласында бұл жағдай тіпті ушығып тұрған көрінеді. Бас қалада «қара тізімге» іліккен нысандар қатарында Үкімет үйі, ҚР Сенатының ғимараты, Бейбітшілік пен келісім сарайы, ҚР туризм және спорт министрлігі, Қаржы және ауыл шаруашылығы министрліктері бар. Тіпті астананың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі де қауіпті нысандар қатарына ілігіпті. Құтқарушылар бұдан өзге тағы 101 тұрғын  үйдің 86-сы өрт қауіпсіздігі ережелеріне сай емес деген қорытындыға келіп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста