Алматыда шылым қорабындағы «құбыжық суреттерге» қатысты үлкен жанжал болды

Бүгін дизайнерлер қорапқа салынатын сондай бейнелерді көрсетті. Яғни, темекі сыртында енді бұдан былай өлі туылған шарана мен шіріген дене мүшелерінің суреттері бадырайып тұрмақ. Шылымқор тұрмақ, шекпейтін кісінің өзін шошытып жіберетін жаңалық - өндірушілердің көңілінен шықпай қалды. Тіпті, қос тарап темекі үшін айқайласып, шылымға қарсы жасалған шерудің соңы қып-қызыл жанжалға ұласты.

Бір топ белсенді бүгін осылай көк түтінге қарсы ұрандатты. Бірі –жүрек, бірі-өкпе боп костюм киіп алғандар темекінің зияны туралы тамағы жыртылғанша айқайлады. Онысына өздері мәз болып, қалжыңдасып та алды.

Бірақ, оларды тыңдаған жан болмады. Шеруді сырттай бақылап тұрғандар әрі қарай да шіреніп шылымын шегіп тұр. Десе де, шылымқорларды шошытанын нәрсе шеруден кейін болды. Дизайнерлер темекі сыртына салынатын сондай бейнелердің бірсыпасын көрсетті.

Жәмилә Садықова, «Темекі түтінінен азат Қазақстан» қозғалысының жетекшісі:

-Темекі сыртындағы қорқынышты суреттерді көрген адам шылымды тастайды деп сенеміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да осыны қолдап отыр. Бұл суреттерден соң бәрі бірдей темекіден бас тартпаса да, бесіктен әлі белі шықпаған жастар ойланады деп үміттеніп отырмыз.

«Құбыжық суреттердің» ішінде өлген сәбиден бастап, шіріген дене мүшелеріне дейін де бар. Қанталаған ми мен құрттаған өкпенің де суреті енді темекінің бетіне түспек. Күрескерлердің пікірінше, осылай жұртты қорқыту арқылы оларды жаман әдеттен арылтуға болады екен. Тек өз маркасында мәйіт бейнесінің тұруы бизнесмендердің көңілінен шықпай қалды.

Кирилл Павлов, «Бинес жемқорлыққа қарсы» альянсының белсендісі:

-Темекіге қарсылық білдірушілердің өткізіп жүрген акциялардан түк пайда жоқ. Ол суреттерді көріп, ешкім де темекіні тастап кеткен жоқ. Құр бекер ақша шашудың амалы бұл.

Темекінің жаңа дизайнына қарсы шыққандар темекі өндірушілерін біресе жақтап, біресе даттап ақыры қорап сыртындағы сурет үшін тараптар жанжалдасып тынды.

Қалай дегенмен де, темекі өндіруші компаниялар келесі жылдың 15-қарашасына дейін «құбыжық суреттерді» қораптарына жапсыруы тиіс. Бұл Қазақстанда жасалған және шетелдік маркілі брендттердің бәріне міндетті. Бірақ, бұл шараның да қаншалықты тиімді болары белгісіз. Өйткені, жұрттың алдында «темекіге қарсымыз» деп қызыл кеңірдек болғандар журналистер тарап кеткенде темекіні рақаттана тартып жүрді.

kaz.caravan.kz


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста