Алматыда шаштараз клиент қыздың ауызына саусағын тыққан
Алматыдағы "Рамстор" сауда орталығындағы сұлулық салонының бірінде шаштараз ер адам клиенттің ауызына саусағын тыққан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы Instagram-дағы sonyadish парақшасында жарияланды. Онда автор құрбысының сұлулық салонына барып, жайсыз жағдайға тап болғанын жазады.
Оның айтуынша, құрбысы "Рамстор" сауда орталығындағы сұлулық салонына шашын қидыруға барған. Оған 1974 жылы туған түрік азаматы қызмет көрсетеді. Шашын қиып болған соң шаштараз "массаж жасаймын" деп басын уқалай бастайды. Яғни басын алға қарай еңкейтіп, бетін шашпен жауып, уқалайды.
Бір қолымен бастың артқы жағынан уқаласа, екінші қолымен иегінен ұстайды. Осылайша саусақтарын жылжытып клиенттің ауызына салады. Ал ол бұны абайсыза болған жағдай шығар деп ойлап, қарсылық танытпайды. Ал шаштараз саусағын аузына тереңірек тығып және қарқынды түрде әрекет етеді. Екінші қолымен бастың артқы жағынан ұстап, массаж жасайды. Бұл жағдай бірнеше рет қайталанады. Саусақтарын шығарып, қайта аузына салады. Бұл шамамен бес минутқа созылады.
Есеңгіреп, не болғанын түсінбей қалған клиент ешқандай әрекет ете алмай, ақысын төлеп шығып кетеді. Кейін өз өзіне келген кезде ғана құрбысына телефон соғады.
©instagram.com/sonyadish
Жазба авторының айтуынша, осы мәселені салон иесіне айтқан кезде, ол оның үстінен бұған дейін ешқандай шағым болмағанын алға тартып, жұмыстан шығарудан бас тартқан. Тіпті табыстың негізгі бөлігін түсіріп отырған маман екенін, оқиғаның зорлық әрекетке жатпайтынын айтқан. Бірақ қыздар бұнымен тоқтап қалмайды, полицияға арыз түсіреді.
Жазба авторы қазір құрбысының күйзелісті бастан кешіріп жатқанын, оған қалай көмектесерін білмейтінін жазады.