Алматыда 9 жасында зорланған қыз баланың ісі 5 жыл бойы тергелуде

Алматыда 9 жасында зорланған қыз баланың ісі 5 жыл бойы тергелуде

Бес жылдан бері құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған қыз баланы зорлау ісін тергеп келеді. Осы орайда белгілі құқық қорғаушы Дина Таңсәрі өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Алматы полиция департаментінің басшысынан істі жеке бақылауына алуын сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Таңсәрінің айтуынша, қыз бала 9 жасында зорланған. Жәбірленуші анасының әпкесінің күйеуін айыптады.

 

"Ол қыз баланың қолын байлап, үйде ешкім болмаған уақытта зорлаған. Содан кейін жайбарақат кетіп қалған. Қыз бала үйге есеңгіреп кіріп, төсекке жатып ұзақ жылап, ұйықтап қалған", - деді Таңсәрі жазбасында.

 

Оқушы анасына болған жағдайды айтқан кезде әйел полицияға жүгінудің орнына, қызынан тіс жармауды өтінген.

 

Таңсәрінің сөзінше, жәбірленуші 12 жас толғанда қайтыс болған әкесінің әке-шешесі, өзінің ата-әжесінің қолына қашып барған. 2 жылдан кейін оның денсаулығында мәселелер пайда болған. Ал гинекологқа қаралған кезде бар шындықты жайып салған. Бұны білген әжесі полицияға арыз жазған.

 

«2015 жылдың 5 желтоқсанында іс қозғалған! Осы уақыт аралығында тергеушілер бірнеше рет ауысқан, іс бір ауданнан екінші ауданға өткен. Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының полиция департаментінде. Әркез күдікті сұрақтарға жауап беруден және көзбе-көз беттестіруден жалтарады. Ал полиция қол қусырып отыр», - дейді Дина Тәңсірі.

 

Қазір жәбірленуші 18 жаста, оның денсаулығында көптеген мәселелер бар. Зорлау фактісін дәлелдеу үшін ол бірнеше рет түрлі сараптамалардан өткен. Алайда істің қолға алынатын түрі жоқ, дейді құқық қорғаушы.

 

"Кезекті көзбе-көз беттестіру бүгін сағат 18.00-ге жоспарланған", - деді Таңсәрі Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденовтен істі бақылауға алуын өтініп.

 

Ол сонымен бірге жәбірленушінің анасының ата-ана құқығынан баяғыда айырылғанын атап өтті.

 

NUR.KZ редакциясы Алматы полиция департаментінен осы жағдайға қатысты пікір білдіруін сұрады. Ведомсво істің "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бабы бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

 

"Іс жүргізу шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалды, қылмыстық процестік кодексте қарастырылған тергеу іс-қимылдарының кешені жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша соңғы процессуалдық шешім қабылданады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 

Сонымен қатар істің оңтүстік астананың полиция департаменті басшылығының бақылауында екені айтылды.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста