Алматы автобустарында "несие алып берем" деген делдалдардың нөмірі өріп жүр

Алматыдағы қоғамдық көліктердің ішінде белгісіз телефон нөмірі жаппай қаз-қатар ілініп тұр. Нөмірдің жанында «кредиты» деген жазу ғана бар. Azattyq Ruhy тілшісі бейтаныс телефон нөміріне хабарласып, жарнаманың артында қандай қызмет түрінің көрсетілетінін анықтап көрді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

«Біз несиенің екі түрін рәсімдеп бере аламыз. Біріншісі – тауарлық, екіншісі – қолма-қол қаражатты шығарып береміз. Яғни, банк арқылы. Мәселен, 1 миллион теңге тауарлық несиені рәсімдесеңіз, соның 30 пайыз ақшасын өзімізге алып қаламыз, қалғаны сіздікі. Бірақ сіз 1 миллион теңгенің несиесін пайызбен төлеуге міндеттісіз. Ал қолма-қол қаражат шығарып бергенімізді  қаласаңыз, біздің қызметіміз үшін несие сомасының 15 пайызын бересіз. Қазір сіз банкке барсаңыз кредит бермейді ғой, ал біз соның бәрін ұйымдастырып, келісіп беретін делдалдармыз. Қажет болса бізге жолықпай-ақ онлайн рәсімдеуге көмектесеміз», - деді тегін айтқысы келмеген Айбек есімді жігіт.

 

Алматы қаласы әкімдігінің  мобильділік басқармасы бұл автобустардың жекеменшік компанияға қарайтынын айтып, қандайда бір мәлімет беруден бас тартты.

 

Айта кетейік, автопаркті жеке кәсіпкер басқарса да қоғамдық көліктің барлық маршруттық сызбасы тікелей әкімдікпен келісіледі. Ал заңсыз жарнамаға «АвтоАлма-Транс» ЖШС біле тұра әдейі жол бермедік деп ақталып отыр.

 

«АвтоАлма-Транс» ЖШС – Алматы қаласы бойынша қалалық әкімшілікпен шарт негізінде жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын жеке компания. Біз №95, 119, 65, 54, 8, 4, 33 маршруттарына қызмет көрсетеміз. Жұмыс барысында біздің компанияның маршруттық автобустарында күнделікті заңсыз жарнамаларға тап боламыз. Біздің рұқсатымызсыз белгісіз біреулер автобустарға жарнама іліп қояды. Күнде кешке автобустар көлік жууға кіргенде ілінген қажетсіз ақпараттар мен жарнамаларды толығымен тазартамыз. Өкінішке қарай, осы жағдай  келесі күні қайталанады. Біз бұл мәселені шешу үшін күн сайын әрекет етеміз», - деді «АвтоАлма-Транс» ЖШС.

 

Айта кетейік, мұндай заңсыз жарнаманы жариялап жүргендердің әрекеті 1 жылдан бері қоғамдық көліктің ішіндегі бейнебақылау камерасына түсіп келген. Автопрак басшылығы осы аптадан қалдырмай, полицияға шағымданамыз деп отыр.

 

«Автобустың ішіне заңсыз жарнама ілген адамдарға шара қолдану үшін ішкі бейнекамерадан суреттерін және бейне материалдарын қосып, осы аптаның ішінде полицияға шағым жазамыз», - деді «АвтоАлма-Транс» ЖШС.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста