Аллергияны емдеуге болады

Аллергияны емдеуге болады

Бүгінгі таңда алматылықтардың көпшілігі аллергиямен ауырады. Бұған күнделікті қоғамдық көлікте, жұмыс орнында әрқайсысымыз куә болып жүрміз. Алайда аллергияның құрығына іліккендер қалай, қай жерде емделуді біле бермейді. Ең өкініштісі, аллергиямен ауырғандардың көпшілігі «бұл аурудың емі жоқ» деп, шарасыз күйге түcіп, салы суға кетеді.
Алайда дәрігерлер аллергия ауруын ем­деу­ге болатынын айтады. Аталмыш ауру­ды нақты қалай емдеу керектігі туралы Совмин ауруханасы аллергоорталығы­ның дәрігерінен сұрап, білген едік.
Элео­нора СТАРЦЕВА, ҚР Президент Іс басқар­масы Медици­на орталығының клиникалық ауруханасы аллергия орталығының мең­геру­шісі, жоғар­ғы санаттағы дәрігер:
– Аллергия ауруына шалдыққан адам­да мұрын біту, түшкіру, көз қышу сияқ­ты белгілер пайда болады. Мұндай бел­гілер пайда болғанда, уақыт оздыр­май аллерголог дәрігердің көмегіне жү­гін­ген абзал. Өкінішке қарай, нау­қастар алғашында бұл ауруды елемей, асқын­ды­рып алады. Баз біреулері ал­лер­гиядан қай жерде емделу керек екенін де біл­мейді. Ал тіпті көпшілігінде «аллергияның емі жоқ» деген түсінік қалыптасқан. Бұл дұрыс емес. Аллер­гияны емдеп жазуға бо­лады. Ол үшін ең алдымен науқасты кешенді тексеру­ден өткізіп, дұрыс диаг­ноз қою қажет. Кешенді тексеруден өткі­зу керек деп отырғаным жайдан-жай ем­ес. Өйткені адам ағзасы бір-бірі­мен тығыз бай­ланысты. Сондықтан дұ­рыс диагноз қою үшін аллерголог, лор дәрігерінің, гастроэнтерологтің тексеруі­нен өту керек. Осы үш дәрігердің толық тек­серуінен өткен соң нақты диагноз қою мүмкін болады. Бұл жағдайда Сов­мин ауруханасының артықшылығы – дәрі­гер­лердің бәрі бір жерде. Алған анализдерді тексеретін арнайы зерт­ханалар да ауру­хана ішінде орналас­қан. Зертханалық тексеру қорытындысы да қолма-қол шы­ғады. Науқас ана жер­ге барып, дәрігер­ден өтіп, мына жер­ге барып, анализ тап­сырам деп екі-үш күн уақытын жоғалт­пай­ды. Күн­дізгі стационарда физиотера­пия, инга­ляция, тамырдан тамшы алып, аурудың нақты белгілері анықталғанға дейін, аллергияның әсерін жеңілдетуге болады. Диогноз қойылған соң күндізгі стационарда толық ем алуға мүмкіндік бар. Сондай-ақ тексеріліп, дәрігер бел­гі­леп берген дәріні пайдаланған дұрыс. Өйткені қазіргі кезде жарнамасы тас жа­ра­тын дәрілер көп. Кей жағдайда нау­қас­тар жарнамаланып жүрген дәрі­ні дә­рі­гердің нұсқауынсыз, өздері са­тып алып ішіп келеңсіз жағдайға тап болып жа­тады.

Расымен де, қазіргі таңда жарнамала­нып жатқан дәрілер көп. Жарнамаға сен­сек, бәрі керемет. Алайда ондай дәріні ал­лергияның қай түріне қалай пайдалану керек, мөлшері қандай болуы тиіс екенін екінің бірі біле бермейді. Оған қоса аллер­гияның себебі көп. Аллергия шаңнан, гүл­ден, шөптен, тұрмыста қолданылатын хи­мия­лық сұйықтықтардан т.б. болуы мүм­кін. Ал қай науқасқа қандай дәріні қолдану керек екенін тек дәрігер ғана дұрыс анық­тай алады. Сондықтан өзім емделем де­мес­тен, дәрігерге көрінген абзал.
Дәрігерлердің айтуына қарағанда, не­гі­зі­нен, күн райы салқындағанда аллергия басылады. Бірақ «аллергия басылды» деп елеусіз қалдырмай, сол кезеңде имму­ноте­рапия қабылдаған дұрыс. Ақ ха­латтылар аллергияның бірден-бір емі иммуно­те­рапия екенін айтады. Имму­нотерапия жа­сауға Совмин ауруха­на­сының аллерго­ор­талығында барлық жағ­дай жасалған. Аурухана Еуропа елдерінің, Ресей, Қазақ­стан дәрі өндірушілерінің ең соңғы шыға­рылған екпелерімен қамтыл­ған. Сондай-ақ дәрігердің нұсқауымен беріліп, үйде пай­даланатын дәрі-дәрмек­тер де бар.
«Жалпы, аллергия адамның иммуни­те­тіне байланысты. Сондықтан да онымен кү­рестің ең басты жолы – салауатты өмір сал­тын ұстану» дейді дәрігерлер. Жаман әдеттерден бойды аулақ ұстап, спортпен ай­налысып, дұрыс тамақтану денсаулық­тың кепілі екенін есте сақтаған абзал.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста