“Әлия Молдағұлованың суреті” интернетте дау тудырды

Осы аптада интернетте “соғыстың алғашқы жылдарындағы Әлия Молдағұлова” деген сипаттамамен таралған сурет жұртшылықтың түсінбеушілігін туғызды. Батырдың өмірін 40 жылдан бері зерттеп келе жатқан Ғалымжан Байдербес гимнастерка киген сұңғақ сұлуды “Әлия емес!” дейді.

KazNet қолданушыларының бір тобы гимнастерка киген сұңғақ сұлудың совет одағының батыры Әлия Молдағұлова екеніне бірден күмәнмен қарады. Енді бір тобы Әлияның батыр ғана емес, өте сұлу қыз болғанын мүлдем білмейтіндерін айтып таңдай қағысып жатты. Оның себебі де жоқ емес. Өйткені, суреттің сипаттамасына “соғыстың алғашқы жылдарындағы Әлия Молдағұлова” деп жазулы тұр. Ол аз болса, бұл суретті ҚР Ұлттық архивіне батырдың сіңлісі Әліп Үсенованың өз қолымен тапсырғандығы туралы да жазылған.
Ал Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін зерттеуші Ғалымжан Байдербес “батырдың соғыс жылдарында түсірілген жалғыз ғана суреті бар” дейді.Оның өзі фотосурет емес.

Ғалымжан Байдербес, “Қос шынар” Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы:
-Қырық жыл Әлияны зерттеген мен бірдеңе білетін шығармын?! Бұл суреттегі Әлия емес! Әліп апайларың жұртты әбден шатастырып бітті. Ұят емес пе?! Қаншама халықты алдап. Жауынгер Әлияның сақталып қалған жалғыз ғана суреті бар. Оны 1944 жылдың 13 қаңтарында лейтенант Грин есімді қаруласы қарындашпен салған. Ертесіне Әлия опат болады. Жалғыз ғана сурет.Оның өзі фотосурет емес.Қарындашпен салынған.Басқасының бәрі болжаммен салынған суреттер.

“Керек.info” тілшісі мақала әзірлеу барысында Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық музейге де барған болатын. Суретке қатысты даудан музей директоры Елена Сәрсенғалиқызы да хабардар екен. Оның сөзінің сыңайына қарағанда, бұл дау кеше-бүгін туындамаған.

-Бұл суреттің Әлия Молдағұловаға мүлдем қатысы жоғын барлық жерде айтып жүрміз. Туған сіңлісі Әліп апай “Әлияның суреті” дегесін, халық сенеді ғой. Негізі, бұл Әлия емес. Әлияның жалғыз ғана суреті сақталған. Онда да бізде тек көшірмесі ғана бар,- деді музей басшысы.
Батыр суретінің айналасындағы дауға байланысты оның сіңлісі Әліп Үсенованың да айтары бар болып шықты. Ол ҚР Ұлттық архивіне әпкесінің суретін тапсырмаған. Бірақ Әліп апайдың гимнастерка киген қыздардың суретін көрсе, “Әлия” деп жинап қоя беретін әдеті бар екен.

-Мына суретті кітапханада оқып отырған кітабымның арасынан тауып алғанмын. “Әлия” дедім де сақтап қойдым. Менде Әлияның өз суреті жоқ. Әкем Нұрмұхамедте болған. Бірақ ол баяғыда НКВД-ның адамдарынан қашып келе жатып, Әлияның хатын, алған грамотасы мен майданнан жіберген суретін құран кітаппен бірге суға салып жіберген,- дейді Әліп Үсенова.

Совет одағының батыры Әлия Молдағұлова мен Ақтөбе қаласының тұрғыны Әліп Үсенованың әкелері бір. Аналары бөлек. Бірақ Әлия анасының қазасынан соң нағашылары Молдағұловтардың тәрбиесінде болған. Ал Әлия мен Әліптің әкелері Нұрмұхамбет Сарқұлов бертін келе яғни, 1951 жылы қайтыс болады.

Ал интернетте “соғыстың алғашқы жылдарындағы Әлия Молдағұлова” деп сипатталған суретте Қазақстанның оңтүстігіндегі Жұмат Шанин атындағы театрдың актрисасы Ғазиза Қасенова екені белгілі болды. Бұл туралы Facebook-тегі парақшасында актрисаның қызы Әйгерім Отарбаева жазды. Ол батырдың туыстарынан жұртты алдап, шатастырмауды сұрайды.

-Мен әділеттілікке қол жеткізгім келеді. ҚР Ұлттық архивінің бұл суреттің сипаттамасын Ғазиза Қасенова деп өзгертуін талап етемін! Ең бастысы, совет одағы батырының туыстары халыққа өтірік айтуды тоқтатса екен-деп жазады Әйгерім Отарбаева.
“Керек. info” тілшісі ҚР Ұлттық архивіне де хабарласып көрді. ҚР Ұлттық мұрағаты директорының бірінші орынбасары Ләззат Сексенбаеваның айтуынша, қорда мұндай сурет жоқ.

- Суреттің сапасы мен жағдайына қарап-ақ біздер қай кезде түсірілгенін анықтай аламыз. Әлия Молдағұлованың бұрын белгісіз болған суреті деген анықтамамен бізге ешқандай сурет түскен жоқ, - деді ол.

Интернетте таралып кеткен суреттің түпнұсқасы да табылды. Онда шымкенттік актриса Ғазиза Қасенова жұбайы Арыстан Отарбаевпен бірге тұр.

-Әлия апамыздың ерлігін бала кезден оқып өстік. Қазақтың батыр қызы деп мақтан тұтамыз. Бірақ тарихтың аты-тарих. Оған қиянат жасауға болмайды. Бұл сурет 1941 жылы емес, 1983 жылы Шымкентте режиссер Жақып Омаров сахналаған “Қыз махаббаты” спактаклі кезінде түсірілген.Әлияның рөлінде Ғазиза Қасенова мен оның серігі Ерланның рөлін ойнағанмын. Суреттің қысқаша тарихы осы,- дейді Арыстан Отарбаев.

Оқырмандардың шатаспауы үшін “Керек.info” редакциясы Ақтөбедегі Әлия музейі қорындағы батыр суретінің көшірмесін жариялап отыр. Әлия Молдағұлованың ҰОС жылдарынан қалған жалғыз суреті-осы. Еске сала кетейік, оның өзі батыр оққа ұшардан бір күн бұрын қарындашпен салынған.

“Әлия Молдағұлованың суреті” интернетте дау тудырды
Батырдың қаруласы қарындашпен салған сурет

Батырдың қаруласы қарындашпен салған сурет

kerek-info.kz/basty-tayryptar/1740-liya-moldalovany-suret-internette-dau-tudyrdy.html

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста