Әлемді әйелдер басқара ма?

Әлемді әйелдер басқара ма?

Жуырда Халықаралық еңбек ұйымы соңғы жиырма жылда дүниежүзі бойынша әйел басшылардың санының артуы жөніндегі зерттеуін жария етті. 1919 жылы негізі қаланған ХЕҰ Біріккен ұлттар ұйымының алғашқы бөлімі болып табылады. Еңбек нарығында әділдік пен теңдікті жүз жылға жуық уақыт насихаттап келе жатқан ұйымның жұмыс берушілермен байланысты бюросының жаңа зерттеуі бойынша жер бетінде әйел басшылардың саны күрт өскен. Биылғы жылдың 12 қаңтарында жария етілген зерттеуге назар салсақ, 108 мемлекеттің 80-де билік негізінен әйелдердің қолында екен. 

«Women in Business and Management: Gaining momentum» деген тақырыптағы жаһандық зерттеу нәтижесі көрсеткендей, нәзік жандылар ерлерге қарағанда ешқандай тосқауыл, кедергіге мойынсұнбай, басшы болуға барынша ұмтылуда. 2014 жылы әлемдегі 18 мемлекеттің президенті әйел болса, Парламент депутаттарының 22 пайызын нәзік жандылар құраған. Дамушы елдердегі басшылық лауызымында отырғандардың 20 пайыздан астамы ханымдар. Финляндия, Швеция, Норвегия, Ұлыбритания сияқты мемлекеттерде ірі компаниялардың директорлар кеңесін де әйелдер ұстап тұр, онда орынтақта отырғандардың 20 пайыздан астамы әйелдер. Сондай-ақ дүниежүзіндегі ірі корпорациялардың 13 пайызы әйелдердің қолында. 2013 жылдан бастап Австралия, Канада, Қытай, Үндістан, Малайзия, Сингапур, Пәкістан, Ұлыбритания, АҚШ сияқты мемлекеттерде билік басындағы әйелдер бұрынғыдан да көбейген.
Ғылым-білім жүйесіндегі әйелдердің саны да еркектерге қарағанда артық. Соңғы жиырма жылда дүниежүзінің барлық аймағында дерлік магистр, доктор дәрежесін алған әйелдердің саны ерлермен салыстырғанда көп. ЖОО-ның бакалвр бөлімін бітіргендердің 57 пайызы әйелдер болса, нәзік жандылардың магистратураға түсу мүмкіндігі де жоғары көрінеді. Бірақ ЮНЕСКО-ның зерттеуіне сүйенсек, қандай да бір ғылыми нәтижеге қол жеткізуден әйелдер ерлерге бәрібір жетпейтін көрінеді. Мәселен, статистика бойынша әлемде аспирантураны бітіргендердің, яғни ғылыми жұмысын қорғағандардың 55 пайызы еркектер. Жалпы ғылым жолында жүргендердің 77 пайызы ерлер (Латын Америкасындағы 45 пайыз ғалым әйелдер мен Еуропадағы 32 пайыз әйел докторларды қоспағанда). Халықаралық еңбек ұйымының зерттеуі бойынша, дүниежүзі бойынша саясатта ғана емес, құқық, бизнес, инженерлік салаларда әйелдер көбейіп келеді. Халықаралық еңбек ұйымының бюро жетекшісі Дэбора Франс-Массэн: «Еңбек нарығында әйелдер санының артуы жаһандық экономиканың өсуі мен бәсекеге қабілеттіліктің артуына септігі тиді», — дейді.
БҰҰ-ның баяндамасына назар салсақ, билік басындағы әйелдер саны жөнінен Ямайка алда (59,3 пайыз), ең соңында Йемен тұр (2,1 пайыз). 108 мемлекеттің ішінде АҚШ 15-ші орында. Құрама Штаттарда 42,7 пайыз биік лауазым әйелдердің үлесінде. Ұлыбритания 41 орында, басшы келіншектер 34,2 пайыз деңгейінде. Ресейде бастық әйелдердің саны артқан (39,1 пайыз). Азия мемлекеттерінің арасында Филлипин 4-ші орында, (47,6 пайыз). Монғолдың қыз-келіншектері де қалыспай тұр, жоғары лауазымның 41,9 пайызын иеленген.
Орта Азия республикаларының арасында алға шыққан Қазақстанда басшылық орындарда әйелдердің саны жыл сайын артуда. Жоғары Сот судьяларының 33 пайыздан астамы, облыстық сот судьяларының 52 пайызға жуығы әйелдер. «Нұр Отанның» есептеуі бойынша, 2016 жылы биліктегі шешім қабылдау тізгінінің 30 пайызы қыз-келіншектердің қолында болмақ. Жалпы мемлекеттік қызметтегі әйелдер саны 55 пайыздан асты. Депутат ханымдардың саны да артып барады. Мәселен, 2011 жылы Парламент мәжілісіндегі депуттардың 15,9 пайызы әйелдер болса, қазір 25,2 пайызға жетті. Әлем бойынша қыз-келіншектердің ерлермен қатар қызмет сатысында өрлеуі дұрыс-ақ, бірақ әйелдік парыз ұмыт қалмаса деңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста