Әлемдегі 10 VIP түрме (фото)

Жүзу әуітінде суда шомылып, атпен серуендеп немесе орман аралау сияқты сауықтырау шаралары арқылы уақытты қызықты өткізіп қана қоймай, шет тілін дамытып, қандай да бір мамандық алып шығу қазір кейбір, яғни өркениетті түрмелер үшін жаңалық емес, былайша айтқанда, оқшау орны тұрмақ, бостандықта кез-келгенге бұйырма бермейтін жоғарыда сөз болғандай жоғары сапалы қызмет көрсетіп отырған ҚАЖ мекемелері бүгінгі күнгі біреу, емес бірнешеу. 

Жалпы, қоғамда «қылмыскер заңды аттады ма, біреудің наласына қалды ма, ол тек жаза өтеп қана қоймай, қорлануы тиіс» деген пікір бар. Алайда кейбір елдер мұндай қағидаға қарсы. «Қылмыскер болса да, пенде ғой» деп, олардың құқықтарын бұзбайтындары былай тұрсын, дұрыс жолға түсіп, рухани дамулары үшін бар жағдайды жасап отыр. Сарапшылардың айтуынша, жаңа үлгідегі түрмеде отырғандардың тек 20 пайызы рецидевист болса, аты қандай болса, заты сондай қоғамнан алшақ жатқан адам төзгісіз орыннан шыққандардың 50-60 пайызы сол жерге қайтып оралады екен.
Төменде түрмеден гөрі шипажайға көбірек ұқсайтын 10 ҚАЖ мекемелерімен таныс бола аласыздар:

1.Vestre Fængsel (Копенгаген, Дания)
Сотталғандар саны: 530
Ерлерге арналған

Бұл түрме сонау 1865 жылы салынған. Негізінен бес жылға сотталғандар ғана арналған. Тренажер залы, кітапхана, медициналық орталықты айтпағанда, мұнда дүкен бар. Онда ішімдіктен басқаның барлығы сатылса керек. Жаза өтеушілерге күніне 50 кроннан, яғни 7 еуро төлейтіндері шынымен қызық. Жұмыс істеймін деушілерге ол да табылады. Оған бөлек ақы төлейді. Күзетшілердің үштен бір бөлігі әйелдер. Психолог мамандар көптеп саналады екен. Жаза өтеп жатқандар аптасына бір рет тіс дәрігеріне қаралады. Тағы бір айта кетерлігі, күзетшілер қару ұстамайды. Бірақ түрме қызметкерлерінің саны сотталушылардың өздерінен артық. Қылмыскермен дөрекі сөйлескен күзетшінің мәселесі тәртіптік кеңесте қаралып, оған шара қолданылады.

2.Gelsenkirchen (Гельзенкирхен, Германия)
Сотталғандар саны: 558
Ерлер мен әйелдерге арналған

Іргетасы қаланған жыл – 1998. Бұл Еуропадағы жаңа үлгідегі бірнеше түрменің бірі. Әр бір бөлімшеде шіркеу мен кітапхана бар. Спорт алаңы үлкендігімен танымал.
Тұрақты жұмыс істейтін мектептерінде сотталғандарға тілден бөлек IT технологиядан дәріс береді. Әйелдер де, еркектер де жұмыспен қамтылған.
Бұл түрме де психлог мамандар көптеп саналады екен. Хай-тек стильдегі түрме.

3.Halden Fengsel (Хальден, Норвегия)
Сотталғандар саны: 248
Ерлерге арналған

Норвегиядағы ең үлкен бұл мекеме 2010 жылы салынған. Түрмеден гөрі демалу орнына көбірек ұқсайтын мемекенің бірі осы. Мұнда өздерінің дыбыс студиясы бар, қалағандары аспаздық курстан өтеді. Адамға эстетикалық әсер қалдыратын аталмыш түрмеде сотталғандарды рухани байытуға айрықша мән беруде. Күзетшілер қару да, тіпті кісен де ұстамайды. Сотталғандарға сеніммен қарау – жолдан тайған адамды түзеудің бір амалы. Есік, терезесі не түнде, не күндіз құлыпталмайтын бұл жер қымбат қонақүймен бірдей. Түрмеге мүлде ұқсамайды. Тек биік қоршаулар ғана ерекшеленіп тұрады. Бұл жерде сыбайлас жемқорлыққа барған шенеуніктер ғана емес, адам өлтіргендер де отырады.

4.Justiz Zentrum Leoben (Леобен, Австрия)
Сотталғандар саны: 205
Еркектерге, әйелдерге, жасөспірімдерге арналған

Бұл қоғамда үлкен пікірталас тудырған түрме. Адал өмір сүріп жүргендер қол жеткізе алмай жүрген жағдайды үкіметтің қылмыскерлерге көрсетіп отырғаны осыдан бірнеше жыл бұрын талайдың ашуын туғызған еді.
Билік оларға «мұндай мекеме салу оңай, ал сол түрмедегілерді қайтып адам қатарына қосу қиынның қиыны» деп жауап беріпті. Хай-тек үлгідегі оқшау орыны корпоративтік офис іспетті.
Қымбат жиһаздармен жабдықталған бұл мекеменің барлық жерлері ашық түсті бояулармен әрленген екен. Бау-бақшасы бар. Сол өңірдің көрікті жерлерін тамашалау сотталғандар үшін қай кезде де қолжетімді. Түрмедегі артықшыларды тізіп шықсақ: спортзал, кітапхана, асхана, кір жуғыш машиналары, ат фермасы.
Тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды дейсіздер ғой, концертпен, яғни музыканттың қасына апарып тастайды. Мұнда негізінен 18 айға дейінгі бас бостандығынан айрылғандар оқшауланған.

5.Butner Federal Prison (Солтүстік Каролина, АҚШ)
Сотталғандар саны: 3600
Ерлерге арналған

Түрмеде аты танымал қылмыскерлер отыр. Бұл мекменің лақап аты бар екен: «Федералды түрмелердің інжу патшайымы». Студенттер қалашығына ұқсайтын бұл түрменің ерекшелігі нашақорларды емдейтін арнайы мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Қылмыскерлер арасындағы төбелес өте сирек болады екен. Өйткені қамаудағылар күн ұзақ бойы қызықты іс-шаралармен айналысып жүреді. Дастархандары аса бай. Спутниктік теледидарлар орнатылған.

6.Bastoey (Бастой аралы, Норвегия)
Сотталғандар саны: 115
Ерлерге арналған

Бұл түрменің де басқа атауы бар: «Үміт аралы». Барлық сотталғандар жұмыспен қамтылған. 20 қылмыскерге бір күзетші екен мұнда. Сол бір күзетшінің өзі алаңсыз жүреді. Өйткені сотталғандар тәртіп бұзып, не түрмеден қашуды тіпті ойламайды да. Барлық жағдай жасалған. Бау-бақшалары бар. Қайта өңдеу цехтары жұмыс істейді. Журналистермен сөйлесуге еш тыйым салмайды. Қамауда отырғандардың бірі БАҚ өкілдеріне «құдды жаздық демалу лагерінде жүргендеймін. Шынымды айтсам, бұл жерден кеткім келмейді. Маған сыртта мұндай жағдай жасалмас еді» депті.

7.San Pedro (Ла-Пас, Боливия)
Ерлерге арналған

Бұл түрмеде күзет те, камералар да жоқ. Тек биік дуалдар ғана. Мұнда түрме тәртібін сотталғандардың өздерінің реттеп отыруларына мүмкіндік берген. Бұл түрмеде де барлық жағдай жасалған. Әсіресе, спортқа айрықша мән берген. Сотталғандардан құралған футбол командасы елдегі танымал құраманың бірі. Көзге түскен футболшының кез-келген командаға ауысуына мүмкіндік береді, яғни барлық айыптаулар алынып тасталады.

8.Viru (Йыхви, Эстония)
Сотталғандар саны: 1075
Еркектер мен жасөспірімдерге арналған

Әлем жаһанданып жатқанда Эстония кеңестік жүйеден арылуға көшті. Сөйтіп бұрынғы лагерь типтес түрменің бірін 2006 жылы еуропалық стильге өзгертіп, онысын әлемге паш еткен-ді. Тек құрылысын ғана емес, ішкі тәртібін де әлемдік тәжірибеге жүгіне отырып, басқа жүйеге көшірді. Түзеу мекемесінің қайта жөндеу жұмыстарына 120 млн. доллар жұмсады. Құрылыс барысында әсіресе қауіпсіздікке көп мән берілді. ІІМ күзет санын азайтып, электронды бақылауды күшейтті. Спротзал, мектеп, шеберхана сотталушылардың уақыттарын үнемді өткізуде үлкен роль атқаруда. Камераларда тек екі кереует қана қойылған. Сотталушыларға теледидар қоюға рұқсат. Дәретханаларында үнемі ауа тазалағыш тұрады. Қысқасы бұрынғы КСРО мүшесі болған бұл елдің жаза өтеушілерімен тең қарым-қатынас орнатуы құптарлық па дейміз.

9.Horserod State Prison (Солтүстік Зеландия, Дания)
Сотталғандар саны: 221
Ерлер мен әйелдерге арналған

Horserod State Prison-де негізінен бес жылға сотталғандар оқшауланған. «Мұндағыларды күзетшілер мен сотталғандар» деп атауға аузың бармайды деседі. Барлығының құқықтары бірдей. «Жұмысшылар мен панциенттер» десе соған лайық. Артықшылықтары: бір бөлмелі, нөмірлері бар шағын үйлер, толық жабдықталған спорт алаңдары, шіркеу, кітапхана. Сотталғандар түрме бастығымен қол алысып амандасып жатады. Уақытқа қарамай, түрмедегілер қалаған уақыттарында кір жуғыш маниналырмен кір жуып, тамақ пісіруге рұқсат етілген. Тіпті сағат онда ұйықтауға бұйрық берілмейді екен.
Бір ерекшелігі - егер сотталушы өтініш білдірсе, олар мұнда отбасына арналған бөлігінде бала-шағасымен бірге тұра алады.

10.Cereso Chetumal (Четумаль, Мексика)
Сотталғандар саны: 1100
Ерлерге арналған

Өркениетті түрменің қылмыскерді түзетуде айрықша ықпал ететінін тәжірибемен дәлелдеп, соны әлемге мойындатуға талпынып жүрген елдің бірі – Мексика. Статистика көрсеткендей, бұл түрмеде соңғы ол жылда бір де бір төтенше жағдай орын алмаған. Керісінше түрмеде жақсы тәртіп орнаған. Мұндағы сотталғандар тіпті қылмыскерге мүлде ұқсамайды. Ешбірі төбелес шығарып, түрме тәртібін бұзбайды. Қайта бірі-бірімен жақсы қарым-қатынаста. Түрме қызметкерлерімен де жақсы таныстардай аралас-құралас. Cereso Chetumal-да түрмеден гөрі пансионатқа ұқсайтын мекеменің бірі.

Аударма - «Алаш айнасы»
m.forbes.ru

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста