Әлем математиктері Алматыда бас қосты

Әлем математиктері Алматыда бас қосты

Ел экономикасының жедел өркендеуі ғылыми-техникалық әлеуеттің серпінді дамуын талап етеді. Басты міндет – жаңа ғылыми-техникалық зерттеулердің сапасын түсірмеу. Кеше Алматыда ашылған түркі тілдес елдердің бүкіләлемдік математикалық қоғамының ІІІ конгресінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев осылай деді.

Түркі тілдес елдер ғалымдарының ба­сын қосқан алқалы жиын Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр. Әлемнің 15 елінен жиналған 600-ге жуық делегат үш күн бойы математиканың алгебра, геометрия, дифференциалдық теңдеулер, қолданбалы математика сияқты түрлі салаларының қазіргі жағдайын талқыға салып, өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастырмақ. Сонымен қатар әр елдің ма­тематика сала­сындағы жетістіктері мен да­му болашағын бірге саралап, өзара тә­жі­рибе алмасады. Жиынға қатысушы мате­матиктер «осы уа­қыт­қа дейін қол жеткізген іргелі зерттеулерді тез арада өндіріске енгізу қажет» дейді. Сон­да ғана арнайы техникалар тәулік бойы ше­шетін есептерді қазіргі заманғы мате­матикалық әдістердің көмегімен бір-ақ минутта шешуге қол жеткізуге болады. Конгресте қаралатын мәселелердің бас­тысы да – осы. Жиынның ашылуына қа­тысқан түркі әлемінің мате­матикалық қоғамының президенті Хилми Хаджи­са­лехоғлы математиктер қауымының әлемнің барлық ғалымдарына түсінікті бо­латындай әліпби жасап шығаруға қауқары жететінін атап өтті. «Қазіргі ғылыми-тех­никалық іл­герілік бұл үдерістің жылдам дамуына ық­пал етпек. Сонда әлем көптеген жайсыз­дықтан құтылады», – дейді түркия­лық қонақ.
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, ҚР Білім және ғылым министрі:
– Жалпы, бүгінде қазақстандық матема­тиктердің деңгейі едәуір жоғарылаған. Олар дүниежүзіне танылып келеді. Мәсе­лен, Уалбай Өмірбаев деген математигіміз әлемнің ең мықты деген ғалымдары 40 жыл бойы шеше алмаған жапондық мате­матик Масиоши Нагатаның есебін шы­ға­рып, америкалық сыйлыққа ие болды. Мұх­тар Өтелбаев ҚР Мемлекеттік сыйлы­ғының лауреаты атанды. Оқушыларымыз да түрлі халықаралық олимпиадаларда үл­кен жетістіктерге қол жеткізіп жатыр. Осы­ның бәрі қазақстандық математика ғылы­мының түркі тілдес мемлекеттер арасында алғашқы шепте тұрғандығын көрсетеді.
Жалпы, түркі әлемінің математикалық қоғамы 1999 жылы құрылған. Оған Қазақ­стан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран, Қытай, Түрікменстан, Моңғолия, Ресей, АҚШ мемлекеттерінің ірі математик ғалымдары мүше. Алғашқы конгресс 1999 жылы Түркияның Элазыг қаласында өтіпті. 2007 жылы ұйымдастырылған екінші басқосу да сол елде өткізілген екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста