«Айлығым 42 500 теңге де жетпейді»: балабақша тәрбиешілері Үкіметтен көмек сұрайды

Түркістан облысындағы балабақша қызметкерлері Білім және ғылым министрлігі ойлап тапқан «жан басына қаржыландыру» жүйесіне қарсы шықты.

 «Күншуақ» балабақшасы &ndash Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан мемлекеттік білім ордасы. 280 балаға арналған білім ошағы былтырғы жылдың наурызынан бастап жабық тұр. Себебі, карантин кезінде ғимаратты су басқан, жергілікті билік жөндеу жұмыстарын жүргізбеген. Суық әрі сұрықсыз ғимараттан ата-аналар балаларын біртіндеп алып кете бастаған. Ал ортада зардап шегіп отырған &ndash тәрбиешілер қауымы. Білім және ғылым министрлігі «жан басына қаржыландыру» жүйесін енгізгендіктен, балабақшада қалған санаулы баланың есебінен тәрбиешілерге тиын-тебен ғана төленбек.

Өңірдегі биліктен қайыр болмаған соң, балабақша қызметкерлері Azattyq Rýhy тілшісіне сұхбат беріп, Үкіметтен көмек сұрады.

«Біз жұмыс істеуге дайын отырмыз, бірақ ғимарат дайын емес. Біз айлықты 70-80 пайызға дейін төмендетуге қарсымыз!

Алатын жалақымның көлемі бар-жоғы 53 мың теңге еді. Балабақшадағы ас үйде істеймін, ыдыс жуамын. Қанша шырылдасақ та, демалысқа шықсақ, емдік жәрдемақы төленбейді. Істеп жатқаныма қанша жыл болды, неге екенін білмеймін. Енді 38 мың теңге төлейтінін айтып отыр, айлығым 42 500 теңгеге де жетпей тұр ғой. Ауырып, емделейін десең, медициналық сақтандыру қорына ақша төленбеген. Қарашадан бастап зейнетақы қорына да ақша аударылмаған. Себебін білмейміз», - дейді балабақша қызметкері Күләйхан Малдыбаева.
Жалғызбасты ана 4 баласын осы 53 мың теңгеге асырап отырған. Айлығы 38 мың теңгеге дейін қысқаратынын естігенде «төбесінен жай түскендей» күйде болған.

Жеңіскүл Тайбекова есімді тәрбиешінің дәл осы балабақшада істеп жүргеніне 19 жыл болған. Үш баланың анасы тәрбиешілерге, олардың көмекшілеріне Білім және ғылым министрлігі енгізген жаңашылдық ауыр соққанын айтып отыр.

«Желтоқсанға дейін 100% айлық алып жүрдік. Ол кезде бала санына қарамайтын. Енді «жан басына қаржыландыру» деген шықты. Балабақшада тіркеуде тұрған 167 балаға ғана төленеді. Әр қызметкерден 40-50 мың теңге қысқарып кетеді. Өзі аз ғана айлықтан енді не қалады? Біздің тәрбиешілердің орташа айлығы &ndash 100-150 мың теңге аралығында. Одан бөлек, тек қаңтар айы үшін айлық төлеуге дайын. Ақпанның айлығын наурызда төлемек. Әрқайсысымыздың басымызда несие бар. Енді қайтпекпіз?

Жаңа жүйе бойынша айлық көп алуымыз үшін бізге тағы да балаларды онлайн тіркеу керек екен. Жалған тіркеуді қалай жасаймыз, кімді қинап тіркейміз?» - дейді Жеңіскүл Тайбекова.
«Күншуақ» балабақшасында барлығы 24 тәрбиеші бар. Олардың басым бөлігі - 50 жастан асқан әйелдер. Олар балабақшада айлық азайып, қысқарту болса, басқа жұмыс таба алмаймыз ба деп уайымдайды. 

«Облысқа өтуімізге байланысты қаңтар айының айлығы кешікті, әлі төленген жоқ. Портал 15-інде ашылды деді. Алдын ала ескертпей, бөлініп қойған ақшаны қысқартты. 30 мың теңгеге бала-шағасын қалай асырайды деп ойлайды? Бізге қазір айлық (қаңтар айының - авт.) береміз дейді, біз қысқарған айлықты алмаймыз деп, бас тартып отырмыз.

Карантин жарияланған соң балабақшаны су басты. Біз өз тарапымыздан екі кезекші топ ашамыз деп дайындап қойғанбыз. Бірақ, ғимарат ашылуға дайын емес. Бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Біз офлайн да, онлайн да жұмыс істеуге дайынбыз», - дейді тәрбиеші Эльмира Бердіқұлова.
Эльмира Бердіқұлова - 10 жылдық тәжірибесі бар тәрбиеші, бес баланың анасы. Ол айлықтың айтарлықтай азаюы отбасына соққы болатыны күмәнсіз дейді.  

Қызметкерлердің айтуынша, Сайрам ауданында «жан басына қаржыландыру» жүйесі бойынша бала басына 33 752 теңдеген бөлініп отыр. Алайда, ескі және санитарлық жағдайы төмен ғимаратқа ата-аналар балаларын беруге дайын емес.

Қазір балабақшада 167 бала тіркеліп тұр. Тәрбиешілер оларға онлайн режимде сабақ өткізеді. Қаңтар айында осы балалардың санына 5 636 584 теңге бөлінген. Сол себепті, зейнетақы қорына әр қызметкерге ақша аударылмай, айлықты тек 70-80%-дан төлемекші.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста