Әйелді сабап, мүгедек қылған еркек жазадан құтылды. Қалайша? (ВИДЕО)
Угандада бір отағасы әйелді таяқпен сабап, мүгедек етіп тастады. Артынан сол әйел оны сотқа берді, дәлел ретінде бейнетүсірілімін де көрсетті.
Бірақ отағасы өз бейнетүсірілімін ұсынғаннан кейін сот оны емес, әйелді кінәлі деп тапты. Мәселенің мәні мынада, Эрик Камази есімді Уганда азаматы өз қызының денесінде көгерген жерлерді байқағаннан кейін үйде жасырын камераларды орнатады. Ал жаңағы әйел оның үйінде бала күтуші болып істеген. Бір күні кішкентай қыздың ата-анасы жұмысқа кеткен кезде камераға адам шошытарлық «бейнебаян» жазылып қалды. Басында бала күтуші әйел екі жасар қызға ботқа беріп жатады. Бірақ қыз оны жемей қойған кезде бір-екі рет тартып жібереді. Сосын диванда отырған бала құсып қояды. Осы кезде әйел оны лақтырып жіберіп, қолға түскен заттармен сабайды. Онымен қоймай, баланы теуіп, бірнеше рет аяғымен басып өтеді. Осыны көрген отағасы ашуға булығып, бала күтуші әйелді қатты сабап, мүгедек етіп тастайды. Әйел оны сотқа берді. Алайда үйдегі камераға жазылған «бейнебаянның» арқасында отағасы ақталып шығады.