Әйелді алалай ма, аялай ма?

Әйелдердің белгілі бір мамандықтарды игеруіне заңмен тыйым салынғаны туралы білетін бе едіңіз? Тіпті, арнайы, ұзын-сонар тізім де бар. Бұл жынысына қарай алалау ма, әлде аялау ма? Одан қала берді көп салада ерлерге қарағанда әйелдердің айлығы әлдеқайда аз. Бас­шылық қызметтегі үлес те жоғары емес. Мұның себебі неде?
Жай күні екінің бірі әйелдің қырық жаны бар екенін басып айтып жүргенімен, кей салада олар­­дың жұмыс істеуіне түбегейлі тыйым бар. Атап айтсақ, бүгінде 191 мамандыққа әйелдің ба­руы­на болмайды. Бұл &ndash қайта азай­ғаны. Әйтпесе, әу басында тізім 287 тар­­­­­­мақтан тұрған. Енді бәрін тізбелесе, соңына жету қиын бо­лар. Сондықтан жалпылама қан­дай салаларда әйелдің жұмыс іс­тей алмайтынын айтып өтейік. Көбіне тау-металлургиялық, мұ­най өндіру кешендері, құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысты мамандықтар бар. Балқытушы, бұрғылаушы, шахтада өрт сөн­діруші, бульдозер машинисі және т.б мамандықты арман еткен бой­жеткендердің мақ­­сатына заңмен балта шабылған.

Мұндай тізім негізі алғаш рет 1932 жылы қабылданған. Пост­кеңестік елдердің ішінде бізден бө­лек, Ресей, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Беларусь те бар. Украина аталған тізімді түбегейлі алып тастады. Қырғыз Республикасы 402 мамандықтан тұрса, Ресейде 456-дан 79-ға азайған. Бұл тізімді қабылдаған кезде әйелдердің ұрпақ жалғастыратын қабілетіне кері әсер етеді деген оймен жасаған бо­латын. Дегенмен бүгінде мұны қамқорлықтан гөрі кемсіту деп бағалайтындар бар. Соған орай қоғам белсенділері тыйым салынған мамандықтар тізімін жоюды сұрап, мамандық таңдау еркін әйелдің өзіне беруін талап етіп жүр.

Әйел құқығын қорғаушылар гендерлік тұрғыдан теңсіздік бол­мауы тиіс екенін айтады. «Егер әйелді ана ретінде қорғайтын болсақ, әйел денсаулығына байланысты қарсы көрсетілімдер болуы керек еді. Ал бұл тізімде жынысқа қарай бөлінген. Яғни, әйел болғаны үшін ғана белгілі бір жұмыстарды істеуіне тыйым салынған. Ол тізімді жойған бойда әйелдер сол орындарда жұмыс істеуге кезекке тұра қоймас. Алып тастаудағы мақсат &ndash жынысына қарай алалау болмауы үшін», &ndash дейді Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Азимова.
 
Feminita феминистік баста­масын құрушылардың бірі Жанар Секербаева тыйым салынған маман­дықтар тізімі ескінің сар­қыншағы деген пікірде. «Бұл тізімді жасағанда менен де, басқа қыздардан да ешкім сұраған жоқ. Мұның басы кеңестік кезден келе жатыр. Ол кезде белгілі бір жұмыстарды атқаруға тыйым салынған еді. Айталық, мұнай өн­дірісі саласында істеуге болмайды. Ал ол жерде ерлер өте жақсы табыс табады. Ауыр жұмыс болса да, істеуге әзір әйелдер бар шығар бәлкім. Бұл әркімнің өз таңдауы болуы тиіс», &ndash дейді ол.

Олардың да жұмыс істеуге құқы бар

Мәжіліс депутаты Ирина Смир­нова да теңдікті қолдайды. «Тізімді алып тастау керек деген ұсынысты қолдағанымда бізді «таяқтаған» әйелдер де болды. Сол жұмыстарға әйелдерді жегіп қоятындай қарсы шыққан. Бірақ бұл жерде мәселе міндеттеуде емес. Әркімнің өзі қала­ған жерде жұмыс істеуге құқығы бар. Елдің сөзі не жынысына қарамау керек. Мысалы, құтқарушы не бульдозер айдаушы болып іс­теп, ер адамдар сияқты жоғары жа­лақы алғысы келетін әйелдер бар. Осыдан бір ғасыр бұрын әйел ағзасына ауыр жұмыстар деп бөлуге болатын еді. Қазір заман басқа. Жаңа технологиялар пайда болды. Бұрынғыдай зиян емес», &ndash дейді.

Қалай десек те, қазіргі қазақ қоғамында әйелді әйел болғаны үшін алалау &ndash жиі кездесетін құ­бы­лыс. Осыған орай белгілі бір тап­­­­таурындар да қалыптасқан. Солардың бірі &ndash еңбек бөлінісіне байланысты. Айталық, ер адам &ndash отбасын асыраушы, әйел &ndash үй шаруасын дөңгелетуші. Дегенмен қазіргі таңда ерлермен қатар не тіпті отағасынан да жоғары та­быс табатындар аз емес. Сөйте тұ­ра, қызметтен тыс отбасылық шаруа­ларды да тындырып, бала-шағаның берекесіне де жауапты болып үлгереді.

Осы орайда, Еуропа қайта құру және даму банкінің жүргізген зерттеуіне шолу жасай кетсек. Гендерлік мәселелер бойынша жа­салған зерттеу нәтижесінде біз айтып отырған дәстүрлі түсініктен әлі де арылмағанымыз белгілі болып отыр. Мысалы, кей ер адамдар бала өмірге келуіне байланысты демалысты тек әйелдер алады деп ойлайды екен. Ал негізі заң бойынша, ерлі-зайыптылар кімнің бала күтімімен үйде отыратынын өз еркімен таң­­­­дайды. Одан бөлек, ерлердің тәуекелді жақсы көретіні, әйелдердің керісінше айналып өтетіні туралы таптаурын бары байқалған. Әрі әйелінің дамуына мүмкіндік беріп, бала тәрбиесін мойнына алған ер адамды жігіт санатына жатқызбайды екен. Мұндай түсініктің бары зерттеу жүргізбей-ақ белгілі болғанымен, бұл тағы бір мәрте дәлелдеген жағдай болып отыр.

Басшылық қызметке кім лайық?

Әйелдің дамуына мүмкіндік беру демекші, бірде әлеуметтік желіде мынадай мем көзіме түскен. Ерлер мен әйелдер жүгіруден жа­­рысқа шыққалы тұрады. Ер адам­­дардың жолында еш кедергі жоқ. Ал әйелдердің жолында &ndash кір машинасы, үйілген тау-тау ыдыс, бала, жуатын киім-кешек және т.б. Яғни, жетістікке жету үшін әйел үй тірлігіне қоса қызметті де қай­­­­мықпай қатар алып жүруі керек-мыс. Олай болмаса, қосып арқаламаса, оған жетістікке жету жайлы ойлап та қажет емес дегенге саяды.

Narxoz университетінің Ген­дерлік экономиканы зерттеу орта­­­лығы қызметкерлері қазақ­стандық әйелдердің ерлерге қара­ғанда 35 пайызға төмен жалақы алатынын анықтаған. Еліміздің экономикасындағы денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қызметтер саласынан басқаларында жалақыға келгенде теңсіздік бар екен. Зерттеу жүргізген Анель Кирееваның айтуынша, жұмыс берушілер басшылық қызметке әйелдерді қойғысы келмейді. «Жұ­мыс берушілер көбіне басшы етіп ер адамды қойғанды жөн көреді. Ал егер әйелді басшы қойса, онда оған екі есе аз айлық береді», &ndash дейді ол. Жалпы алғанда, айлық мәселесіне келгендер ерлердің әйелдерге қара­­­ғанда көбірек алу тенденциясы он жылдан бері өзгеріссіз десек болады. Мысалы, 2010 жылы ерлер 33,9 пайыз­ға көп айлық алған болса, осыдан үш жыл бұрынғы дерек бойынша, әлгі үлес 33,3 пайыз шамасында қалған.

Осыдан екі жыл бұрынғы дерек бойынша, әйелдердің ірі кәсіпорын басшылығындағы үлесі &ndash 17,9 пайыз, шағын кәсіпорындарда &ndash 30 пайыз, және орта кәсіпорындарда 34,7 пайыз болыпты. Ал әйел басшылар көп салаларға білім беру (64,4%), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет (47,4 %) жатады. Өзге са­лалардағы әйел басшылардың үлесіне келсек, қаржы және сақ­тандыру секторында (41,7%), қонақ үй және мейрамхана бизнесі (41,1%), ауыл шаруашылығында (14,8%), кен өндіру ісінде (12,7%), құрылыс саласында (16,9%).

Әйел мен ер теңдігі

Әйел мен ер теңдігіне келгенде, Исландия, Норвегия, Швеция және Финляндия оқ бойы озып тұр. Бұл елдерде экономикалық, саяси және өзге де қоғам салаларында әйел мен ердің арасындағы айырмасы айтарлықтай аз екен. Ал Қазақстан бұл тізімде 60-орынға жайғасты. Ал дүниежүзілік банктің былтыр жүргізген зерттеуінің нәтижесінде Бельгия, Дания, Франция, Лат­вия, Люксембург, Швецияда ген­дер­лік теңдік орнағаны туралы жарияланды. Дегенмен жағдай соншалықты мүшкіл емес. Өйткені Орта Азиямен салыстырғанда, біз тіпті кей елдерден көш ілгері тұрмыз. Жылдан-жылға әйел кәсіпкерлер көбейіп жатыр. ШОБ үшін несие беретін ЦентрКредит банкінің мәліметінше, әйел-кәсіпкерлер жалпы қарыз алушылардың 30 пайызын құрайды екен. Жыл сайын 1-2 пайызға өсу соңғы төрт жылда байқалғанын да айтып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, мерзімін кешіктіретін әйелдер аз екен. Барлық берілген несиенің бар болғаны 6 пайызында ғана әйелдер уақытынан кешіктіріп төлейді екен. «Кәсіпкер әйелдердің бір артықшылығы &mdash олардың тө­лемге тиянақты әрі жауапты қа­райтыны», &ndash дейді банк өкілдері.

«Гендерлік теңдік және пост­кри­­зистік қалыпқа келу» атты веб-конференцияда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төра­ғасы Мадина Әбілқасымова бірқатар қызық фактілер келтірген еді. «Қазақстандық әйелдердің қар­­жы өнімдерін тұтыну деңгейі ерлерге қарағанда екі еседей жо­ғары. Мысалы, барлық ашылған депозиттің 68 пайызы &mdash әйелдердің атында. Мемлекеттік несиелендіру бағдарламаларын пайдалануда да әйелдердің үлесі ерлерге қарағанда 14 пайызға көбірек. Тұтынушылық несиеге келсек, әйелдер көбірек ала­ды екен &ndash 55 пайыз. Бірақ сомасы жағынан, ерлердікі жоғары», &ndash дейді Әбілқасымова.

Тәртіпті деп БЦК өкілдері айт­қандай, расында қарыз қайтаруға келгенде әйелдердің жауапкершілігі жоғары екені расталды. Мысалы, қарызын 90 күннен артық мерзімге кешіктірген әйелдердің үлесі аз, 42 пайыз екен. ШОБ саласындағы әйелдерге пандемияның әсер етке­нін де айтып өту керек. Себебі кө­­­­біне сауда, қызмет көрсету сын­­­­­­д­ы экономика секторларына ко­­­­­­­ро­­­­­­­на­кризис оңай тиген жоқ. Ал бұл салаларда әйелдер көп екені белгілі. Одан қала берді бала-шаға онлайн оқуға көшкендіктен, екі кеменің басын ұстау қиынға соғып, кәсібінен қол үзген әйелдер де аз емес. Яғни, қалай болған күннің өзінде әйел не отбасымен бірге кәсібін қатар гүлдендіреді, не бол­маса екіншісін тастап, түбегейлі ошақ қасында оты­­рады. Бұл дұрыс па, бұрыс па &ndash әлі күнге дейін біржақты жауабы табылмаған, көп нүктелі мәселе.

Жадыра АҚҚАЙЫР

aikyn.k

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста