Қазір сауда нүктелерінен әйелдерге қажетті нәрсенің барлығын табуға болады. «Жақсару» социологиялық орталығының жүргізген сауалнамасына көз жүгіртсек, 8 наурызда арулардың 20 пайызы бой жазып, демалғанды қалайды екен.
«Тіпті елден оқшауланып, ұйқыны әбден қандырсақ» дейтіндері де жоқ емес көрінеді. Ал тұрмыс құрмаған қыздардың көбі дәл осы күні сүйіктісінен «Маған тұрмысқа шығасың ба?» деген ұсыныс күтеді екен. Әйелдердің басым көбі күйеуінің ақшасын үнемдемей, тұрмыстық техника алып беруін қалайды.
Әйелдер ерлерден қандай сыйлықтар күтеді?
«Жақсару» сараптама орталығының көрсеткіштері мынадай:
1. Құшақ-құшақ гүл– 31%
2. Романтикалық сапар – 24%
3. Тұрмысқа шығу туралы ұсыныс – 14%
4. Қымбат әрі әдемі сыйлық – 10%
6. Хош иісті иіссу – 6%
7. Қолдан жасалған кәдесыйлар – 3%