Наурыздың 19-ы күні бір апта бұрын жиі айтылып, қызу талқыланған бірегей Толған Ай құбылысы байқалады. Ай Жерге 356 500 шақырымға жақындайды да, бізге бұрынғыдан 14%-ға үлкен, 30%-ға жарқын болып көрінеді.
Вентспилс халықаралық радиоастрономия орталығы (Латвия) мамандарының мәліметінше, мұндай құбылыс 19 жылда бір қайталанады. Мұны Айды мейлінше толығырақ зерттеуге таптырмас мүмкіндік деп қарастырып отырған ғалымдар аспан денелерінің бір-біріне жақындауы Жер шарына, табиғат пен адамдарға ешқандай әсер етпейтінін мәлімдеді. Ресми ғылыми тұжырымдарға қарағанда, 1955, 1974, 1994, 2005 жылдары мұндай құбылыстың түрлі зілзалалармен, тасқындармен сәйкес келуі – кездейсоқтық. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің П.К.Штернберг атындағы астрономия институтының ғалымдары да осы пікірді қуаттайды. Дегенмен мамандар Айдың жақындауы мен Жердегі сейсмикалық құбылыстар арасында байланыс бар екенін жоққа шығармайды. Ай – біз мекендейтін ғаламшардың жалғыз табиғи серігі. Ол – Жер тұрғындары үшін Күннен кейінгі екінші жарық аспан денесі, адамның табаны тиген тұңғыш бөгде ғаламшар және Күн жүйесіндегі бесінші үлкен табиғи серік. Жер мен Ай орталықтарының орташа ара-қашықтығы – 384 467 шақырым. Айта кетейік, Жерге жақындап, үлкен болып көрінетін Айды қазақстандықтар наурыздың 19-ы күні Астана уақыты бойынша 00.11-ден бастап, күні бойы тамашалай алады.
Айдың Жерге жақындауынан қауіп бар ма?
Последние статьи автора