Айдын Тоқсанбаева: Сот ұлымның сау көзіне ота жасаған дәрігердің ар-намысына тидің деп, айыппұл салды

Айдын Тоқсанбаева: Сот ұлымның сау көзіне ота жасаған дәрігердің ар-намысына тидің деп, айыппұл салды

Танымал блогер Айдын Тоқсанбаева өзін ұлына ота жасаған дәрігер сотқа беріп, сот үкімі шыққанын хабарлады. Сөзінше сот блогерді «дәрігердің ар- намысына» тиді деген үкім оқыған. Мұнымен қоймай төрт баланың анасына  жарты миллионнан асатын айыппұл арқалатқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

«Бүгін сіздерге жаңалық айтайын. Мен  ұлымның оң көзіне жасалуы керек болған отаны сол көзіне жасаған дәрігерді сотқа берген едім. Бірақ сот істі жауып, қарамады. Жарайды. Біраз уақыттан кейін, дәрігер мені «шу шығарып, байбалам салды. Ар-намысыма тиді» деп сотқа арыз жазыпты.

 

Енді қараңыз. Мен бар дәлелмен оң көзі сол көзге шатастырған қағаздарды алып бардым. Сот істі жапты. Енді дәрігер жәбірленуші болып, бүгін Қарасай аудандық соты үкім оқыды. Дәрігер үш миллион моральдық шығын сұрапты.

 

Оның өтінішін 100 мың деп қарап, тағы заңгерлер шығыны, басқасын қосып мені «600 мың теңге  төлеуге міндетті» деген үкім оқылды. Мен ақшаға емес әділетсіздікке жылап отырмын. Мен елден нем артық деп сол мемлекеттік больницада тұңғышыма ота жасатып едім. Әйтпесе шетелге барып келіп, жұмыс істеп жүрмін. Сол ұлдың оқуының өзіне 6-7 млн төлеп жатырмын.

 

Кез — келген ақылы емхананың отасына ақшамды аямаушы едім. Тек сол ота болған күнгі жағдайымды ешқандай ана басынан өткізбесе екен деген ниетте шу шығардым. Оны мен жасай аламын. Баланың өмірі бәрінен қымбат.  Мына соттың үкіміне айтар сөзім жоқ. Мен бәрінен көңілім қалды. Менің елім осындай болғанына қиналамын»,-деді Айдын Тоқсанбаева.

 

Есте болса, Айдын Тоқсанбаева өткен жылдың күзінде ұлының көзіне ота жасатқан еді. Дәрігер оң көзге жасалуы керек отаны, баланың сол көзіне жасаған. Кейіннен блогердің сөзінше дәрігер шатасқанын мойындаған.  Бірақ ешқандай кері салдары болмайтынын да айтып ақталған еді.

 

Баланың анасы алғашқы сәтте қорқыныштан, басқалар осындай жағдайға түсіп қалмасын деп бүкіл желіні шулатты. Дәрігерді сотқа берген болатын, бірақ іс қарауға лайықсыз деп танылып, жабылды. Баланың жағдайы сол күні-ақ жақсы еді. Қазір де көзінен ешқандай ауырсыну белгілері жоқ.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста