Әй-әй, әйелдер -ай!

Әй-әй, әйелдер -ай!

Темірхан Медетбек, ақын:

– Қазақ әйелдерінің қандай болуы керектігінің еш құпиясы жоқ. Ата-бабаларымыздан келе жатқан үлкен мектеп бар, дәстүр бар. Міне, қазақ әйелдері осы шеңберден аспаса болғаны. Қазақ әйелі инабатты, отбасындағы шаруасын дұрыс басқара біліп, күйеуінің алдында ізетті, айналасына ілтипатты және шаңырағының шырағын сөндірмесе, сонда ол нағыз қазақ әйелі болар еді. Негізі, біз өзіміздің қазақ әйелдерінің бойындағы асыл қасиеттерімен мақтануымызға әбден болады. Рас, ішінара әйел деген атына кір келтіріп жүргендер жоқ емес. Ал жалпы, біздің әйелдеріміз өзгелерге үлгі болуға әбден лайық.
Айта кетейін, қазір қыздарымыздың арасында тым ашық-шашық жүріп, жаман қылықтарға үйір болып кеткендер мен керісінше, мұсылмандықты алға тартып, тұмшаланып алғандар баршылық. Міне, осындай қыз-келіншектеріміз нағыз қазақ әйелінің қандай болуы керектігін естен шығармаса деймін.

Таласбек Әсемқұлов, жазушы:

– Менің ойымша, біз Досқан Жолжақсынов екеуміз «Біржан сал» фильмінде қазақ әйелінің қандай болуы керектігін дәл жеткізген сияқтымыз. Алайда ол көркем фильмді көргендер де бар, көрмегендер де бар. Сондықтан да қойып отырған сауалдарыңызға былай деп жауап берген болар едім. Қазақ әйелінің идеалы деп эпостық жырлардағы әйелдер бейнесін айтар едім. Қазақта «әйел бір қолымен бесік тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген жақсы сөз бар. Тауып айтылған осынау бір сөздің астарында үлкен терең ой жатыр. Міне, қазақ әйелі қандай болу керек! Қысқасы, әйел еліне пана, ерінің алдында иіліп тұруымен қатар, жаңа заманға лайық жан-жақты әрі білімді болса деп ойлаймын.

Толымбек Әлімбек, сатирик:

– Менің ойымша, қазақ әйелінің қандай болу керектігі туралы сөз қозғалса, әркімнің есіне, ең алдымен, анасы түседі. Дәл солай менің де ойыма анам оралып отыр. Менің анам қанша еркек мінезді өр болып өссе де, дәстүрдің аясынан шыққан емес.
Негізі, біздің әйелдеріміздің бойында қазаққа тән ұяңдық та, ойын ашық айта алатын батылдық та қатар жүрсе деп ойлаймын. Сондай-ақ үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болып, үйдің шаруасын дөңгелетіп, ерін сыйлай білсе, қандай жақсы! Ана үш-ақ әріптен тұрғанымен, оның ұғымы өлшеусіз кең. Құдды бір дүниежүзінің картасы іспетті. Ана деген ұлы сөздің ішіне аналық мейірімділік, аналық даналық, аналық ұлағаттылық, аналық кішіпейілділік, аналық адалдық тұтасымен сыйып тұрса, тіптен тамаша! Міне, нағыз қазақ әйелі осындай болу керек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста