Ағза донорлығын қалай жолға қоямыз?

Ағза донорлығын қалай жолға қоямыз?

Елімізде бір мүшесінің дертке шалдығуы салдарынан өмірі қыл үстінде тұрған, ағзасын ауыстыруға мұқтаж жандар саны 5000-ға жуық. Оның ішінде 1200-дей адам тез арада жүрегін ауыстыруды қажет етсе, 1500-дей адам бауырға, 2000-нан астам адам бүйрекке зәру болып отыр. Өкінішке қарай, елімізде донор табу қиынға соққандықтан, отандастарымыз көбінесе Пәкістан мен Қытай еліне ат арытып барып, ағза алмастырып келеді. Бұлар қалтасында ақшасы бар, дер кезінде донор тапқан бақыттылары... Ал шетелге шығуға шамасы жоқ, ағза алмастыруға донор таппаған кейбір науқастар о дүниеге аттанып кете барады. Осылайша елімізде ағза донорлығы дұрыс жолға қойылмауы салдарынан жылына қаншама азаматтарымыздан айрылып қалудамыз.
Негізі, адам ағзасын ауыстыру әлемде екі заңдық үлгіде жасалып келеді. Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының қағи­дасына сай, әр адамның өзінің келісімі ар­қылы немесе адам дүниеден өткен соң, туыс­тарының рұқсаты бойынша донор болуға рұқсат берілген. Ал бізде донор­лыққа қатысты екі келісімнің де жолға қойылмауы салдарынан, ағзаға зәру жандар көрер күні таусылғанға дейін донорлық ағза күтуге мәжбүр. Кейбір кезде мұндай ағза алмастыру жұмыстары белгілі бір жасқа дейін жасалуы тиіс. Алайда елімізде донор табылмағандықтан, олардың арасында кезегі келмей, доноры табылмай өмірден өтіп кететіндері де жетерлік. Тіпті донорлыққа қатысты жайлар­дың заң жү­зін­де айқындалмауы салдарынан мәйіт­ха­наға түскен мәйіттің ағзалары сатылады екен деген әңгімелер де тарап жүр.
Нұрлыхан ЕРЕЖЕПОВ, Алматы қалалық сот-медициналық сараптама орталығының директоры:
– Қоғамда ондай қауесеттің бары рас. Мәйітханаға түскен мәйіт ағзала­рының саудаланатыны жайлы жиі айтылып жатады. Алайда мұндай әңгіме шындыққа жанаспайды. Мұндай қаңқу сөзге ерік бермес үшін бәрін заң жүзін­де бекітіп алған дұрыс еді.

Елімізде ағзаны сатуға заң жүзінде тыйым салынған. Әйтсе де қоғамда донор болуға ниетті жандар жетерлік. Тіпті сатпай-ақ ағзасын тегін беруге әзір жандар донорлықтың дұрыс жолға қойылмауы салдарынан ағзасын «аманаттауға» әзір екенін кімге айтарларын білмей дал.
Айнаш ЕСАЛИЕВА, ана:
– Дәрігерлер дүние есігін енді аш­қан сәбиімнің тез арада бүйрегін ауыстыру қажеттігін айтқан кезден бастап донор іздеп сарсаңға түстік. Біздің елі­мізде донор табу мүмкін емес. Сон­дықтан шетелден донор күтіп, үмітпен шекараның арғы бетіне телмірдік. Осын­дай жағдайды басымнан өткізген­нен кейін өмірден өткен жағ­дайда өзім­нің ішкі ағзаларымды донор­лыққа ұсына алатыным жайлы өсиет қал­дыруға бекіндім. Алайда, өкінішке қарай, ұсынысымды кімге жеткізерімді білмеймін. Сондықтан елімізде донор болуға ниетті жандардың тілегін ескеретіндей өзгеріс енгізілсе екен.

Адам көз жұмғаннан кейін жүректі – 4, бауырды – 6-8, бүйректі 24 сағат ішінде бас­қа адамға салып үлгеру керек. Сон­дықтан уақыт тапшылығын ескере отырып, ағзаға зәру жандар дүниеден өткелі жатқан адам­ның туыстарымен алдын ала келісімшарт жасасуы қажет. Бүгінде мұндай трансплантация түрі Испания, Австрия, Бельгия елдерінде жиі жасалады екен. Бұл елдерде бір мәйіттен 250 мың долларға дейін пайда табуға болатын көрінеді. Ал донордың өзінің келісімімен болатын трансплантация көбіне АҚШ, Ұлыбритания, Голландия елдеріне тән үрдіс. Ішкі ағза­ларды алмастыру операциясы Еуропа­ның үздік клиникаларында 50-100 мың евро тұрады. Аталмыш елдердегі оталардың тым қымбат­тығына орай, отандастарымыз көбінесе Пәкістан мен Қы­тайды жағалайды. Әйтсе де, маман­дардың айтуынша, ол елдердегі оталар көбінесе сәтті жасала бермейді екен. Ал өз елімізде аталмыш ота түрін жа­сау­ға донор болуға ниетті жандар мен нау­қастың арасын жал­ғайтындай жүйенің жоқтығы ғана қол­байлау болуда. Дәрі­герлер «басты мәселе адамдардың түсініс­пеушілігінде, әйтпесе дәл сол оталарды өз елімізде әлдеқайда арзан бағаға жасауға болар еді. Тек сол мәселелердің шешімін тауып, үйлестіре алмай отырмыз. Әйтпесе ағза алмастыру оталарын жасауға білікті дәрігеріміз де, медициналық орта­лы­ғымыз да дайын» дейді. Осы орайда айта кетер жайт, дініміз де ағза алмастыру мәселесіне теріс қарамайды. Дінімізде бір мұсылманды құтқару бүкіл адамзатты құт­қарғанмен бірдей екендігі айтылады.
Ал мұндай операциялар біздің елде Алматы қаласындағы А.Н.Сызғанов атын­дағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Астана қаласындағы Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми ор­талығында жасалады. Ендеше, елімізде ағза алмастыруға білікті маман да, меди­циналық орталық та, донор болуға ниетті қайырымды жандар бар да неге өзге елдің ағзасына телміріп отырмыз?!
Жеткерген АРЗЫҚҰЛОВ, А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының бас директоры:
– АҚШ-та әрбір адамның жеке куәлігінде оқыс жағдайда қаза болған жағдайда ішкі ағзасының сау мүшелерін медициналық мақсатта пайдалануға келісетін-келіспейтіндігі көрсетіледі. Бізге де осындай жүйе енгізілсе, бір мүшеге зәру талай адамды өлімнен арашалап қалар едік. Әсіресе жол апаттары немесе ауыр науқастардан көз жұмған адамдардың дене мүшелері талай адамның өмірін сақ­тап қалуға септігін тигізері сөзсіз. Осы орай­да «Денсаулық сақтау туралы» Заңның транс­­плантология туралы тармағын толық жетілдіре түссек, нұр үстіне нұр болар еді. Әсіресе оқыс жағдайда қайтыс болған адамның ағза мүшесін алып, өзге науқасқа салудың тетіктері жан-жақты қамтылып, әр адамның оқыс жағдайға ұшырап, өмірден өте қалған жағдайда ағзасын басқа біреуге беретіні жайлы келісімі алдын ала алынатындай жағдай туғызу қажет.

Ендеше, тиісті орындар мәселенің теті­гін тауып іске асыра білсе, дертке ұшырап, қиын жағдайда қалған талай отандасы­мыз­дың тілегінің орындалғаны болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста