Абайлаңыз, балалар!

Абайлаңыз, балалар!

Жаңа оқу жылының басталуымен қатар балалардың жол бойындағы қозғалысы артып, балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының да көбейе түсетіні жасырын емес. Осы орайда балалардың жол-көлік оқиғаларының құрбаны болуының алдын алу мақсатында 25 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Алматы облыстық Жол полициясы басқармасы «Назар аударыңыз, балалар – 2009» іс-шарасын өткізді.

Шара барысында барлық аймақтағы жол сақшылары мектепке дейінгі және орта білім мекемелері қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеді. Он күндік іс-шара барысында балалар көп жүретін аумақтарға тиісті жол белгілері орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы салынған және балалар арасында жол қауіпсіздігі ережелері кеңінен насихатталып, арнайы дәрістер өткізілді. Жол инспекторлары да оқушылар мен ересектердің және көлік жүргізушілерінің арасында балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жөніндегі ауқымды түсіндіру жұмыстарын тәжірибе жүзінде көрсеткен. Бұл шаралар жаңа оқу жылы кезінде балалар қауіпсіздігінің алдын алуға септігін тигезеді деп күтілуде. Сондай-ақ осы кезге дейін көлік жүргізушілер тек қала сыртында жақын қашықтағы жарықты қосып жүруге міндетті болса, бұдан былай қала ішінде де осы тәртіпке бағынуға міндеттелді.

Мамандардың айтуы бойынша, соңғы кездері балалардың жол-көлік оқиғаларының құрбаны болуының көрсеткіші арта түскен. Мәселен, биылғы жыл басынан бері Алматы облысында балалардың қатысуымен 22 жол апаты тіркеліп, соның салдарынан екі бала қаза тауып, 21 бала жарақат алған. Жол-көлік оқиғасының себепкері болатын жас жеткіншектердің жартысына жуығы бастауыш сынып оқушылары екен. Ал жол апаты апта ішінде ең көп болатын кез, жұма және сенбі күндеріне тура келеді екен. Сондай-ақ тәулік ішіндегі балалардың жол-көлік апаты сағат 14 пен18-ге дейінгі уақытта жиі тіркелетін көрінеді. Мамандар балалардың қатысуымен тіркелетін жол-көлік оқиғалары, ауылдық жерге қарағанда, қалалық жерде үш есе көп екенін айтуда. Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғалары көбінесе жүргінші белгісінің маңында орын алатыны байқалған. Мәселен, өткен жылы Алматы облысы аумағында балаларға қатысты 176 жол-көлік оқиғасы тіркелсе, оның 132-сі осындай жүргінші белгісінің маңында болған. Бұл сірә, жүргізушілердің жүргіншілер белгісіне назар аудармайтындығын байқатса керек.

Облыс бойынша Қапшағай, Талғар, Алматы – Бішкек және Алматы – Құлжа бағыттарындағы үлкен тас жолдардың жиегінде мектептер көп орналасқан. Көп жағдайда үлкен жолдың бойында жылдамдығын асырған жүргізушілер білім ошақтары маңайында жол-көлік оқиғасын тудыруға себепші болып жатады екен. Ал мұндай жолдардың аумағындағы мектеп жанына көбінесе ала жолақ қана орнатылған. Жол сақшылары республикалық маңызы бар жолдарға бағдаршам орнатуға болмайтынын айтады. Сондықтан оқу жылы басталғанға дейін мектеп айналасындағы жол жиектеріне тиісті ескертулер орнатылып, жол үстіне шектеу белгілерін жасап, қауіпсіздік шарасын күшейту қолға алынды. Осы орайда жол инспекторлары: «Жол шетіндегі белгілерге назар аудармайтын жүргізушілердің бар екені жасырын емес. Бұл жағдай әсіресе жастар арасында кездесіп қалады. Сондықтан жол үстіне бадырайтып тұрып ескерту белгілерін салу өте қажет», — дейді. Қазір мектептерде де жол қауіпсіздігін бақылауға айрықша назар аударатын болған. Соның дәлелі жолда жүру ережесіне арналған сынып бұрыштарын барлық білім ұяларынан байқауға болады.

Талғат Рыскелдіұлы АҚЖІГІТОВ, Алматы облысының ІІД Жол полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі:
– Балалар енді ғана өсіп келе жатқан болашағымыз болғандықтан, олардың оқыс оқиғалардың құрбаны болмауын әрқашан қадағалап отыру қажет. Осы орайда біз бірнеше жылдан бері тұрақты түрде оқушылар арасында жол жүру ережесін насихаттауға арналған шаралар атқарып келеміз. Бүгінгі күнге дейін Алматы облысы бойынша 235 мектепте арнайы бөлінген мектеп инспекторлары қажетті дәрістер оқыды. Сондай-ақ жыл басынан бері жол бойларында 8000-нан аса жол белгілері орналастырылды. Атап айта кетер жайт, ата-аналар да кішкентай балаларын мектепке жалғыз жібермей, әрқашан балаларын бақылауда ұстағаны жөн. Өйткені баланың аты – бала, қауіпті ескере бермейді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста