Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтен жауап алынады - Бас прокуратура

Абай облысындағы өртке байланысты Ильин, Сүлейменова және Ахметовтен жауап алынады - Бас прокуратура

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы өртке қатысты тергеліп жатқан қылмыстық істер аясында министрлер мен әкімдерден жауап алынатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Caravan.kzмедиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, тергеу енді ғана басталғандықтан, шенеуніктердің әрекеті әлі анықталған жоқ.

"Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде өз міндеттеріне, қызметтеріне жауапсыз қарап, өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындамау салдарынан осындай оқиғалар мен азаматтарымыздың өліміне себеп болған кінәлі лауазымды тұлғалар анықталатын болады", - деді Өмірәлиев.

Журналистер Бас прокурордың орынбасарына экс-министр Юрий Ильин, экология министрі Зульфия Сүлейменова, сондай-ақ Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтен жауап алына ма деп сұрады.

"Жауап алынатын адамдар арасында өртті сөндіруге жоғарғы басшылар ғана емес, орта буын басшыларының да қатысы бар екенін ескерсек, қазіргі уақытта олар өрт сөндіру жұмыстарымен айналысып жатқандықтан біз оларды мазаламаймыз. Олардан міндетті түрде жауап алынады. Басқа да тергеу әрекеттері жедел-іздестіру сипатында жүргізіліп жатыр", - деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.
Tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста