Абай облысында екі оқушы суицид жасады. Жасөспірімдердің бірі аман қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға Жарма ауданында болған.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Жарма ауданы полиция бөлімі аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігі («өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Бірқатар сот сараптамасы тағайындалды. Тергеу барысы облыс департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Abainewskz хабарлауынша, қайғылы оқиға Абай облысы Жарма ауданының Үшбиік ауылында болған.
9-сынып оқушылары жоғары сынып оқушылары тарапынан жасалған буллинг салдарынан суицид жасаған. Олардың бірін ілмектен алып үлгерген, ал 15 жастағы оқушы қайтыс болды.