44 адамның аяқ-қолы үсіп қалған

Қарағанды облысында бір айда 44 адамның аяқ-қолы үсіп қалған, алтауына ампутация жасалды. Осы орайда, жергілікті дәрігерлер үсік шалғанда көрсетілуі тиіс алғашқы көмек жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Биылғы 1 қарашадан бастап Қарағанды облысында аяқ-қолы үсіп қалған 44 науқас тіркелді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42%-ға көп. Үсік шалғандардың 22-сі стационарлық ем алу үшін ауруханаға жатқызылды, ал алты пациентке дәрігерлер ампутация жасауға мәжбүр болды.

 

Дәрігерлердің айтуынша, көбіне аяқ-қолдың үсуіне тап болған адамдарға алғашқы көмек шаралары дұрыс көрсетілмейді. Бұл ретте профессор Х. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың травматологі Ерік Шонбаев еш жағдайда үсік шалған аяқ-қолды ысқылап, ыстық суға малуға болмайтынын ескертеді. Ең алдымен, ыстық сусынды көбірек ішіп, дененің үсіген бөліктерін жылу оқшаулайтын таңғышпен жылыту керек. Таңғыш қалың мақта қабатынан жасалады, онымен үсік шалған аяқ-қолды қымтап, үстінен орау және жылы қолғап немесе шұлық кигізу қажет.

 

«Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін дереу медициналық ұйымға хабарласу керек. Уақтылы қабылданған алғашқы көмек шаралары аяқ-қол ампутациясының алдын алуға көмектеседі», - дейді Ерік Шонбаев.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста