«40 шаршы метр туралы заң» көрші әжейдің табысын еселейді

«40 шаршы метр туралы заң» көрші әжейдің табысын еселейді

Тұрғындардың жан басына шаққанда ішілетін ішімдік сегіз литрден асып кетсе онда ұлттың тоқырауға ұшырағаны. Біздегі ресми мәлімет алты литр болса, бейресми дерек бойынша жан басына шаққанда 14 литрден келеді екен. Халықтың денсаулығы мемлекеттің ең маңызды құндылығы болғандықтан, ащы суды тұтынуды азайту кезек күттірмейтін міндет екені айқын.
Сондықтан «Ішімдік өнімдері және этил спиртінің өндірісі мен айналымын мем­лекеттік реттеу туралы» заң жобасына бірқатар өзгерістер енгізу қарастырылған. Оның ішінде сауда нүктелерінде арнайы ішімдік бөлімін құру туралы бап бар. Ш­ағын және орта кәсіп саласында жүрген­дерге ұнамай тұрғаны – осы бап. Олар қазір «жұрт­тың денсаулығын жақсартуға заңды қатайтумен қол жеткізуге бола ма?» деген сауал тастап отыр. Уәж төмендегідей: өзгеріске сәйкес, облыс орталықтары мен ірі қалалардағы аумағы 40 шаршы метр­ден кем емес дүкендерде (шағын қалада – 20 шаршы метр, ауылда – 10 шаршы метр) құрамында алкоголі бар ішімдіктер үшін арнайы бөлім ашу талабы ен­гі­зілмек. Соның салдарынан елде 15 000 дүкен жабылып, 60 000 адам нәпақадан айыры­лады. Одан басқа, сүт және кон­ди­тер өнім­дерін, су мен шырын, жеміс-кө­кө­ніс және консерві өндірушілер тауарын өт­кізетін сауда нүктелері азаяды. Өз кезегінде бұл отандық өндірушілердің табысын азай­тып, өндіріс көлемін кемітеді. Сол сияқ­ты ішімдік өнімдерін шығару­шы­лар да осындай жағдайға тап болады. Әрі іші­м­дік нарығында «көлеңкеге» ойысу ар­тады. Контрафакт тауар көбейеді.
Сонда халықты сауықтыру мен шағын және орта кәсіпкерлікті өркендету, отандық кә­сіпорындарға қолдау көрсету арасын­дағы тепе-теңдікті қалайша ұстап тұруға болады? «40 шаршы метр туралы заңның» нақты экономикалық нәтижесін қалай есептеуге болады?
Сарапшы Талғат Ерғалиевтің айтуынша, шағын дүкендерде ішімдікке арналған бө­лім құру талабы олардың жаппай жа­бы­луына әкеп соғады.
«Үй жанындағы дүкендердің» көлемі әдетте 31-47 шаршы метрге дейін бо­ла­тындықтан, мұнда ішімдікке арналған бө­лім құру мүмкін емес. Ал арнайы бөлім бол­маса, ішімдік сатуына да қақысы жоқ. Де­мек, дүкендер 30 пайызға дейін та­бысын жоғалтады» дейді ол.
Бексұлтан Мейірбеков, Қазақстан сыра қайнатушылар одағының атқарушы директоры:
– Жалпы, бұл мәселе ішімдік өнім­дері нарығында тәртіп орнату қолға алына бастаған 2006 жылы басталған. Оның бір себебі – бүгінгі күні ішімдік өн­ді­рі­сінің 70 пайызы көлеңкеде. Са­ла­ны рет­теудің механизмдері тиімсіз, сон­дықтан заңды қатайту туралы ше­шім қа­былданды. Егер дүкен санын азайт­са, ішімдік саласын бақылау да оңай­ға тү­седі, яғни ішімдік атаулының шық­қан жерін қадағалауға болады. Мұн­дай ша­раның тағы бір себебі – ұлт ден­­сау­лығын күйттеу. Алайда сауда нүк­телері азайса, керісінше, спирт өнім­­дерінің жасырын саудасы өршитіні анық. Тиі­сінше, ащы судан улану жайт­тары кө­бейеді деген сөз.
«Заңға мұндай өзгерістерді енгізгісі келетіндер нені көздейді? Кім кімнің мүддесін көздейді? Бәлкім, ірі дүкендердің саудасын жүргізу үшін қажет шығар» деген күмән да жоқ емес.
Өйткені қазір елімізде бөлшек саудада «А» және «С» тобындағы дүкендер жұмыс істейді. Таратып айтсақ, аумағы 100 шар­шы метрден көп дүкен «А» тобына, ал 50 шаршы метрге дейінгі дүкендер «С» то­бына жатқызылады. 2009 жылғы мә­лі­мет бо­йынша, елдегі заманауи үлгідегі ірі дү­кен­дердің үлесі – 16 пайыз. Еу­ро­памен са­лыстырғанда (мұнда 40 пайыздан астам) бұл аз. Шыны керек, бізде «А» то­бын­дағы дүкендер нарықты түгелімен жау­­лай алмады. Оның себебі көп. Рас, 2000 жылдан бертінге дейін Алматының өзінде түрлі форматтағы супермаркеттер бой көтерді. Сол кезде «үй жанындағы ша­ғын дүкендер» бәсекеге төтеп бере алмаған. Қазір жағдай күрт өзгерді. Біздің нарыққа келген әртүрлі форматтағы ірі дүкен желілері нарықта тұрақтай алма­ғандықтан, кішігірім дүкен­дердің дәурені қайта жүре бастады. Оның үстіне бізде ірі ритейлер мен отандық өн­ді­руші арасын­дағы байланыс та жолға қо­йылған жоқ. Біріншіден, үлкен супер­мар­кет­тер отандық өндірушінің өнімін сө­реге қою үшін қо­мақ­ты қаржы талап етеді. Екін­­шіден, кө­біне импорт тауарға бүйрегі бұрып тұ­рады.
Марина БОНДАРЕНКО, шағын дүкен иесі:
– Бізде кешкі сағат 10-нан кейін ішімдік сатуға тыйым салынған. Сон­дықтан мен тура осы кезде дүкенімді жабуға мәжбүрмін. Себебі оған дейін елдің бәрі нанын да, сүтін де сатып алады. Одан кейін дүкенге темекі мен ішімдік іздегендер ғана ағылатыны белгілі. Ал таяу маңдағы дүкен жабыл­ған соң олар не істейді десеңізші... Көр­­ші әжейден сатып алады. Әжей болса, ар­зан арақты менің дүкенімнен кешке дейін үйіне тасиды. Ол мемле­кет­ке мен секілді салық төлемейді, есесіне тү­німен ішімдік сатып, қалтасын қам­пай­тады. Ал мына өзгеріс заңға енгізілсе, біздер, шағын дүкен иелері, арақты жа­сырын сатуға мәжбүр бола­мыз. Се­бебі басқа амалымыз қалмай­ды. Бір күн­де, бір айда және бір жылда тү­сетін біздің табыстың 30 пайызын ішім­дік құрайды».
Сарапшылар өзгеріс салдары бірден білінбейтінін айтады. Бірақ атаулы заңға өз­герістер мақұлданса, шағын дүкен шы­ғын­ға ұшырап, ащы судың бүркеме сау­дасы белең алатыны сөзсіз. Осы орайда мек­теп маңында 100 метрге дейінгі ау­мақ­та ішімдік сатпау туралы талап еске тү­седі. Еліміздегі шарап маманы Рудик Мна­ца­канның айтуынша, ішкісі келген оқушы арақ-шарапты 101-ші метрге жетіп-ақ са­тып алмасына кім кепіл? Сол секілді арақты аң­сап тұратындарға ешқандай тосқауыл жоқ. Ұтылатын тек кәсіпкер болмақ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста