18 жаста кірмеген ақыл 21 жаста кіре қояды деп ойламаймын

18 жаста кірмеген ақыл 21 жаста кіре қояды деп ойламаймын

Маратбек СЫРЫМБАЙ, Алматы облысы ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі:

– Маратбек Дайырбекұлы, Елба­сымыз Н.Ә.Назарбаев өткен жылы Ішкі істер министрлігінің алқа мәжілісінде: «Құқық қорғау құрылымдары арасын­да қызметкерлердің парақорлыққа қатысы­ның бар-жоқтығын анықтауда полиграф немесе шындық детекторы­нан өтуі тиіс алғашқы құрылым Жол полициясы болуы керек», – деп атап өткен болатын. Сіз облыстың бас жол полицейінің орын­басары ретінде сол шындық детекторы сынағынан өтер ме едіңіз?
– Әрине, өтер едім. Өйткені біздің жұмы­сымызда жасыратын ештеңе жоқ. Әзірге бұл құрылғы тек қылмыстық істерде ғана пайда­ланылуда. Шындық детекторы арқылы да жем­қорлықпен тиімді күрес жүргізуге бола­ды. Шындық детекторынан өтуге бүкіл Жол полициясы құрамы дайын деп ойлаймын. Егер мұндай шара амалға асар болса, онда халық арасында Жол поли­циясы қызметкер­лері туралы алып­қаш­па әңгіме тыйылар еді. Оған қоса осындай әңгімелердің шығуына себепкер болып, өз қызметін асыра пайдала­нып жүрген бірен-саран қызметкер болса, жұ­мыс­тан өз еркімен-ақ босар еді.  Мен мем­лекеттік қызметкерлердің осындай шын­дық детекторынан өтуін қолдаймын.
– ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті қандай да бір жол ережесін бұзғаны үшін көлік иесінен жүргізуші куәлігін алып қою мәселесін көтеріп отыр. Яғни жүргізуші куәлігін алып қою тәртібі қатаңдамақ. Бұл қаншалықты дұрыс?
– Мұны көпшілік қолдамауы мүмкін. Бірақ біз бір нәрсені түсінуіміз керек, бұл – жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігі үшін жасалынып жатқан шара. Себебі рес­публи­ка жолдарында көлік апа­тынан болып жатқан адам шығыны азай­май тұр. Ішімдік ішіп алып көлік жүргі­зетін­дерді құрықтап, жазалап жатқанымызбен, бұл кейбір жүргізушілерге сабақ болар емес. Жол-көлік апаты жылдан-жылға аза­йып келеді. Десек те, біз жол-көлік оқиға­ла­рын одан әрі азай­тудың амалдарын әлі де қарастыра беруіміз керек. Өйткені адам өмірі мен оның денсау­лығы біз үшін өте маңызды. Конституциямызда да «ең басты қымбат қазына – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айқын жазылған.
Онымен қоса, біз бұрын жүргізушілердің жол ережесін бұзғандығы үшін жүргізуші куәлігін алмай, тек хаттама толтырып беретін­біз. Алайда қазір республика бо­йын­ша жүз мыңдаған хаттама толтырылды, алайда сол салынған айыппұлдардың 80 пайызы төлен­ген жоқ. Көпшілік өздігінен барып ақшасын төлемейді. Сондықтан бұл мәселе бойынша прокуратураның арнайы шешімі шыққан, біз жол ережесін бұзған кез келген жүргізушінің жүргізуші куәлігін алып қоя аламыз.
– Қазір көлік басқаруға құқық бере­тін сенімхат жүйесінен көп ел бас тар­тып отыр. Тіпті көрші Ресейдің өзі оны қолда­ныстан алып тастауды ұйғаруда. Бізде де бірқатар халық қалаулылары «ол жүйе керек емес» деп тиісті минис­т­­­р­лікке ұсыныс айтты. Осы мәсе­леге орай сіздің пікіріңіз қалай?
– Жоқ, мен мұнымен келіспеймін. Себе­бі қазір жол-көлік оқиғасы кезінде көліктерін тастап, қашып кететіндер көп. Қарапайым мысал, базарда көлікті артқа бергенде байқамай біреудің көлігін сырып кетуі мүмкін. Сырылған көлік иесі басқа жерде жүрген­діктен, оны байқамай қала­ды. Осыны пайда­ланып, әлгі жүргізуші қа­шып кетеді. Міне, осы жағдайды біреу көріп қалса, көлік нөмі­рін жаттап алса, біз оны сенімхат арқылы тауып аламыз. Тіпті адамды қағып тоқтамай қашып кетсе де, егер біреу-міреу оның нөмі­рін байқап қалса, оны тауып алуға қолайлы болады.
Кезінде кәсіпкерлер шетелден көп көлік әкеліп сатты. Сол тұста бір кәсіпкердің басын­да 20 шақты көліктен болды. Ал ол оны базарға алып келіп сатып жібереді. Кімге, қашан сатқаны белгілі болуы үшін сенімхат керек. Сондықтан көлік басқаруға құқық беретін сенімхат жүйесінен бас тартуға болмайды. Бұл өзінің өміршеңдігін дәлелдей алған ең озық тәжірибе деп есеп­теймін. Егер сенімхат жүйесінен бас тартсақ, онда екінің бірі көлік жүргізіп, оның арты қайғылы жағ­дай­ларға душар етуі мүмкін. Онымен қоса, бұл көлік ұрлығының белең алуына алып келуі кәдік. Мысалы, мұндай жағдайда көліктің техни­калық паспорты мен сақтандыру полисі секілді құжаттарды алып, екінші бір жүр­гізу­ші қолында жүргізуші куәлігі болса, өзгенің меншігіндегі көлікті игере бермек. Ал көпшілік құжаттарын көлікте қалдырып кететінін ескерсек, онда бір адам көлікті ұрласа, жол сақшылары оны тоқтатқаны­мен, қылмыскер қолындағы құжаттарды көрсете салады. Көлігі ұрланған адам тиісті органға хабарласамын дегенше, қылмыс­кер жасыры­нып үлгереді. Сондықтан бұдан бас тарту негізсіз деп есептеймін.
– Өткен жылы Мәжіліс депутаты Ирак Елекеев: «Жүргізуші куәлігін әскери­лер­ден өзге азаматтарға 21 жас­тан беру керек» деп мәселе көтерді. Жол қауіпсіз­дігін күшей­ту үшін жүр­гізуші куәлігін 21 жас­тан беру керек пе?
– Енді кейбіреулер адам 21 жас­қа тол­ғанда ақыл тоқ­татып, сана-сезімі жақсы жа­ғы­на қарай өзгереді деп жа­тады. Сонда жол ережесін сақ­тап, көліктің жылдам­ды­ғын асырмайды деп ойлайды. Бірақ, менің ойымша, 18 жаста кірмеген ақыл 21 жаста кіре қояды деп айта алмаймын. Жүргізуші куәлігін 21 жастан берейік, 25 жастан берейік, ол мәселені шешпейді. Онымен қоса, дауыс беру құқығына ие азаматты көлік басқару құқы­ғынан айыру заңдық тұрғыдан да дұрыс шешім бола қоймас.  Бұл – менің жеке пікі­рім. Одан да балабақшада, мектепте жол ережесін тиянақты үйретуді қолға алғанымыз дұрыс. Тіпті көлік жүргізуді үйретуді тек арнайы курстарда емес, мек­тептерге пән ретінде енгізу қажет. Жастарды заңға ба­ғы­нуға кішкентай кезінен тәрбие­легеніміз жөн. Елбасымыз биылғы халыққа арнаған Жолдауын­да осыны ерекше айтты. Ол: «Білім беру ісіндегі тәрбие беру компонентін күшейту керек. Патриотизм, мораль­дық құндылықтар, адамгершілік, ұлтаралық келісім, толеранттылық, рухани даму, заңға бағынушылық – бұл құнды­лықтар оқу орындарының барлығында, олардың қандай меншік түріне жататынына қарамастан берілуі керек», – деді. Бұл жер­де мәселенің барлығы тәрбие мен халық арасындағы көлік жүргізу мәдение­тінің төмендігінен болып отыр. Қазір бізде көліктің жылдамдығын арттыру тек жастар­дың ара­сын­да емес, үлкен­дердің арасында да мақ­танышпен айтылып жатады. Міне, осы пси­хологияны өзгертпейін­ше, тыйым сала бер­геннен мәселе шешіл­мейді. Сондықтан жол қауіпсіздігін тек қана жол сақшыларының міндетіне жүктеп қоя салмай, мұнымен ке­шен­ді түрде қоғам болып бірігіп күрескеніміз жөн.
– Өзіңіз осы саланың білікті маманы ретінде жол-көлік апаттарының алдын алуда тағы қандай кешенді шараларды қолға алу керек деп ойлайсыз?
– Ол үшін, ең бірінші, жолдардың сапасын ретке келтіріп, оны еуропалық стандартқа сәйкестендіруіміз керек. Оның үстіне, жыл сайын елімізде көліктердің көбейіп келе жатқанына қарамастан, жол­дарды кеңейту жұмыстары шабан жүруде. Жүргізушілер ойлаған жеріне тезірек жетуге тырысады. Ал жолдарымыз­дың сапасы жоғары жылдам­дық­қа сай келе бермейді. Көптеген күре жолдарымыз тар. Соның салдарынан кей жағдайда алда бара жатқан көліктен қуып өту кезінде жүргізуші қарсы бағытқа шығуға мәжбүр болады. Өкінішке қарай, кей жағ­дай­да қарсы келе жатқан көлікпен ара қашық­тық­ты шамалай алмай, нәтижесінде апат орын алады. Сондықтан жолдардың сапасын арттырып, кеңейтуге күш салсақ екен.
Одан кейін қазір республикалық жол­дар­ды медициналық бекеттермен қамта­масыз ету мәселесі қолға алынып жатыр. Осы іс толық бітсе, көлік апатынан орын алатын адам шығыны азаяр еді. Медици­налық бекет­тер Алматы облысының Ала­көл, Жамбыл және Еңбекші қазақ аудан­дарында орнаты­латын болады. Сонымен қатар қазір біздің Боралдай кентінде бір медициналық тікұшақ жұмыс істеп тұр. Бі­рақ оған жеткенше бір сағат, оны қыздыра­мын дегенше тағы бір сағат, ұшамын дегенше үш сағат уақыт кетеді. Үш сағатта біз көлікпен-ақ оқиға орнына жете аламыз. Сондықтан осы жұмыстар әлі де жетілдіріл­се екен. Әсіресе Қазақстанда бұрын-соңды болмаған «Батыс Еуропа – Ба­тыс Қытай» халықаралық дәлізінде бұлардың барлығы толық іске асса, тамаша болар еді. Апаттан зардап шеккендерге жәрдем дер кезінде жетсе, адам өмірін сақтап қалуға үл­кен мүмкіндік болады.
– Қазір біздің елімізде, әсіресе Алма­тыда жүрген қырғыздың көліктері төңірегінде дау көп. Жол полициясы да оларды көрсе, дереу тоқтатып, құжат­тарын тексереді. Егер шикілік шықса, бірден автотұраққа қамайды. Бұл мәселе неге ушықты және оны ретке келтірудің қандай жолдары бар?
– Бұл қазір өте күрделі мәселеге айналып отыр. Өйткені Қазақстан Кедендік одаққа кірген соң, сырттан әкелінетін автокөліктердің кедендік төлемдері қымбаттады. Енді жүргі­зушілер арзан темір тұлпар сатып алудың жаңа әдісін ойлап тапты. Ол – қазақстандықтар шетелден арзанға сатып алып келген көлік­терін Қыр­ғызстан арқылы рәсімдеп, сенімхат арқылы осында жеткізу. Алайда шетелдік нөмір­лермен жүрген көліктердің жол-көлік оқи­ғаларына қатысы болған жағдайда олар­дың иелерін табу қиынға түседі. Себебі көлік иесі Қырғызстанда тұрады, ал оның жүргізу­шілері сенімхат арқылы ғана көлікті рәсімде­ген. Сондықтан мұны ретке келтіру үшін Қырғызстанның мемлекеттік нөмір­лерімен жүрген көліктерді уақытша тіркеуге алуымыз керек. Сонда біз ол көліктің нөмірі қандай, жүргізушісі кім, қай уақытқа дейін қандай мекенжайда тұратынына дейін біліп отыратын боламыз. Бірақ мұнда да бір қарама-қайшы­лық бар. Біздің заңымыз бойынша оң жақты рульді көлікті тіркеуге алуға мүлдем тыйым салынған. «Еуро-3» стандарты бар, Кеден одағына кіріп жатырмыз. Ал Қырғызстаннан келіп жатқан көліктердің бірен-сараны бол­маса, 70-80 пайызы – оң жақты рульді көлік­тер. Енді оны қалай тіркеуге болады? Оның үстіне, біздің заңымызда көрші елдің көлік­теріне еш тіркеусіз үш ай жүруге рұқсат беріл­ген. Үш ай мерзім өтсе, біз олардың көліктерін автотұраққа қоямыз. Сондықтан халық қалаулылары бұл мәселенің тиімді шешілу жолдарын қарастырып, қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп, жағ­дайдың оңтайлы шешілуіне атсалысса екен деймін. Сондай-ақ көпшілік қазір Кедендік одаққа үміттеніп отыр. Егер Қыр­ғызстан Ке­ден­дік одаққа кіретін болса, онда бұл көлік­тер­ге кедендік салық салынбайтын болады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста