11 миллионыншы қазақ та, 17 миллионыншы қазақстандық та оңтүстік өңірде дүниеге келді

Кеше еліміздің бас санақшысы Әлихан Смайылов баспасөз мәсли­ха­тында Қазақстан халқының саны, 2013 жылдың 1 маусымындағы жағдайға сәйкес, 17 млн адамнан асқанын жария етті. Статистиктердің тіліне салып одан сайын нақтылап айтсақ, Қазақстан халқының саны осыдан бір ай бұрын 17  млн 10 564 адамға жеттi. Бір қызығы, Статис­тика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловтың қолындағы дерегіне сенсек, өткендегі 11 миллионыншы қазақ та, оның ізін ала туған 17 миллионыншы қазақстандық та Оңтүстік Қазақстан облысында дүние есігін ашыпты.
Ұлт мерейін асырып «11 миллионыншы қазақ» атанған сәбиге оңтүстіктегі облыс әкімі ат мінгізіп, ата-анасына құттықтау хат та жолдап еді. Кейіннен, Статистика агент­тігі елдiң 17 миллионыншы тұрғыны мәр­те­бесiн анықтау мақсатында «Халықтың табиғи қозғалысы» дерекқорында, оның iшiнде жалпы республика бойынша туу туралы азаматтық хал актiлерiнiң екiншi данасының негiзiнде қалыптастырылған туу дерекқорында 2013 жылдың 15-16 мамырында АХАТ органдарында тiркелген нәрестелердiң арасынан іздестіру жұмыс­тарын жүргізіпті. Іздестіру барысында ана­ла­рының тұрғылықты жерiне, бiлiм деңгейi мен кәсiбіне, сонымен қатар нәрестелердiң жынысы, салмағы мен бойының ұзын­ды­ғына еш назар салынбағаны айтылады. Сөйтіп, тынбастан жүргізілген іздестіру жұмы­сының арқасында рес­пуб­ли­ка­мыз­дың 17 миллионыншы тұрғыны ретiнде 2013 жылдың 15 мамырында Астана уақы­тымен сағат 23:10-да туған ұл бала анықталған екен. Дүниеге келген мәртебелі сәбидiң сол кездегі салмағы – 3670 грамды, ал бойы 53 сантиметрдi құраған. «Сәбиге Алтынбек есiмi және Есқара тегi берiлiпті, 2013 жылдың 16 мамырында Оңтүстiк Қазақстан облысы, Сайрам аудан­дық АХАТ органында туу туралы куәлік ата-анасының қолына ұстатылыпты. Нәрестенiң ата-анасы Сайрам ауданы Таскен ауы­лы­ның Тассай селолық округiнде тұрады екен», – дейдi агенттiк төрағасы Әлихан Смайы­лов.
Жалпы, Қазақстанның демографиялық ахуа­лына келсек, 2013 жылдың қаңтар-мамырында еліміздегі халық саны 100,8 мың адамға немесе 0,6%-ға өскен. Бұл былтырғы 2012 жылдың 1 маусымымен салыстырғанда 234 мың адамға немесе 1,4%-ға артық көрсеткіш. 17 млн 10,6 мың қазақстандықтың 54,9 пайызын қала­лықтар құраса, ауылдықтар – 7671,4 мың адамды немесе жалпы халықтың 45,1 пайызын құраған. Сөйтіп, 2013 жылдың қаңтар-мамырында республика халқының табиғи өсімі 99,2 мың адамды құрады, ал бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңде 97 мың адам болатын. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 14,1 адамды құрады.
Жыл басынан бері туылғандар саны былтырғыға қарағанда 0,3 пайызға артып, қайтыс болғандар саны 2,8 пайызға кеміген. Мәселен, 1000 адамға шаққан­дағы туудың жалпы коэффициенті 22,6 туған­дарды құрапты. Бұдан бөлек, қазақстанда 1 жасқа дейінгі нәрестелердің шетінеуі де былтырғыға қарағанда 18 пайызға кеміпті. Бұдан бөлек, өткен бес ай ішінде Қазақстанда 56,7 мың неке тіркелген. Дегенмен некеге отырғандар арасындағы ажырасушылардың көрсеткіші әлі де абыржытады: қаңтар-мамырда 20,6 мың ажырасу тіркеліп, олардың саны 7,3%-ға өскен. Ажырасудың жалпы коэф­фи­циенті 1000 адамға шаққанда 2,9-ды құрап отыр. Ұлттық демографияға респуб­ли­кадағы көші-қонның оң айырымы да әсер еткенге ұқсайды. Мысалы, жыл басы­нан бері елімізге келгендер саны кеткендер санынан 1600 адамға немесе 21,8%-ға көбейген.
2018 жылы 18 миллионға жетеміз бе?
Түйіндей айтқанда, елдегі демо­гра­фия­лық ахуал алаңдатарлық емес, кері­сінше, қарқынды өсім баршылық. Статис­тика агенттігінің басшысы Әлихан Смайы­­ловтың мәліметіне жүгінсек, біздің еліміздің тұрғындарының саны жылына 200 мыңнан астам адамға артып отырады екен. Осыған салып есеп қаққан бас статис­тик: «Бес жылдан кейін қазақстандықтар саны 18 млн болады, ал 10 жылдан кейін біздің 20 миллиондық межеден асуға мүм­­кін­ді­гіміз мол», – деп қайырды. Деген­мен, Әлихан Смайыловтың айтуын­ша, мұн­дай межеге жету үшін туу, өлім, көші-қон көрсеткіштері қалып­ты деңгейде сақ­та­луы шарт.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста