19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ!

19 ҚАЗАН – ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ!

19 қазан – Құтқарушылар күні. Айтулы күннің аясында қызмет бабында қаза тапқан әріптестерін еске алған Шымкент қалалық ТЖД қызметкерлері Өрт сөндірушілер ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

 

Тәуелсіздік алған жылдардан бері аталмыш департаменттің үш қызметкері жұмыс барысында көз жұмған екен.

 

 

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан Бақыт Алпысбаев 1988 жылы Шымкент мұнай өнімдері зауытында болған өртті сөндіру кезінде ерлікпен қаза тапқан. Ал, 2014 жылы Планта ЖШС-дегі  тілсіз жау Жұлдызбек Есенәлиевтың өмірін жалмаса, 2016 жылы дүйім елді дүр сілкіндірген Төлеби ауданындағы тау шатқалындағы оқиға әлі жұрттың есінде болар. Таудан түсе алмай адасып қалған туристерді құтқару кезінде өмірін қатерге тіккен Жомарт Сәрсенбеков отбасына қайта оралмаған.

 

Аманбек Бейсенбаев – Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары

 

Апат айтып келмейді. Тосыннан болған оқиғалар кезінде азамттарға бірінші болып көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары. Бұл іс кез келген адамның қолынан келе бермейтіндігі анық. Оған үлкен жүрек, машық, білім мен біліктілік сондай-ақ, тәжірибе керек. Бала кезден құтқарушы болуды армандаған Мұрат Төлепов кәсіби мереке қарсаңында мамандандырылған жасаққа жаңадан қабылданып ТЖД қызметкері атанды.

 

Мұрат Төлепов – жас маман

 

Құтқарушы мамандығының ең басты міндеті адамдар өмірін құтқару, бұл жоғары және жауапты миссия. Халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Құтқарушыларға физикалық жағынан мықты әрі кәсіби маман болу жеткіліксіз. Өйткені, олардың тынымсыз қызметінде апат, зілзала, өрттен бөлек түрлі жағдайларда зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетуге де тура келеді. Қиындықтарға қарамастан соңғы кездері төтеншеліктердің қатарына қосылғысы келеиін жас мамандардың қатары көбейіп келе жатқандығы қуантады, дейді  Шымкент қалалық ТЖД бастығының орынбасары Аманбек Бейсенбаев.

 

 

 

shymkenttv.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста