Шежіре - Ысты руы

Шежіре - Ысты руы

ЫСТЫ РУЫ. Ыстылардың ежелгі этникалық тарихы, оның үстіне этногенезі жайында айтудың жөні келмейді. Өйткені көне деректерде ол туралы ештеңе жоқ. Тек Фахреддин Мүбәракшахтың «Тарихында» XIII ғасырда қазіргі Қазақстанның жерінде басқа рулармен көшіп-қонып жүрген Ысты руының Тілік тұқымы туралы сілтеме бар. Сол мәліметке сүйеніп, В.Востров «ЬІсты рулары Шу мен Талас өзендерінің арасын мекендеп, XV ғасырда Қазақ хандығының құрамына еніп, ал сонан соң басқа рулар мен аталарға еріп, шығысқа жылысып, Іленің сол жағасына қоныс тепті» деп атап өтеді. Ысты руы туралы орыс деректерінде алғашқы мәлім еттер А.И.Тевкелевтің Ұлы жүз руларын санамалаған еңбектерінде, сонымен қатар Ұлы жүзді Ресей боданына алу туралы Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің қол қойған өтінішінің тізімінде еске алынады, онда Ысты Ойық және Тілік деп екіге бөлінеді. Әйтсе де бұл мәліметтерді В.Востров өз зерттеуінде келтіреді. Ыстының түп негізі туралы бергі әдеби деректер де бар. Оған ең алдымен қырғыздардағы жер пайдалану туралы Н.Аристов, М.Тынышбаев және В.Востровтың жарияланымдарын жатқызуға болады.

"Алаш айнасы" интернет-газеті бүгіннен бастап, халқымыздың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы – қазақ шежіресі туралы ақпараттарды кезең-кезеңімен жарияламақ. Осы арқылы үш жүздің әр руы туралы мәліметтерді топтастырып, қазақтың ортақ шежіре қорын жасап шығармақ. Егер сіздің қолыңызда өз руыңыз жайында мәліметтер болса, біздің мына: info@alashainasy.kz электронды поштамызға жіберуіңізге болады.

Осылардың бәрін есептей келіп, әдеби деректерді біздің зерттеуімізбен салыстыра отырып, Ысты руының толық тегін жасауға мүмкіндік туды (№ 7 қосымшаны қараңыз). Ең білікті мәлімет берушілеріміз: Жамбыл облысы Талас ауданының тұрғыны 1909 жылы туған (Ойық) Жаңабай Балтабаев; Жамбыл облысы Сарысу ауданының тұрғыны 1895 жылы туған (Ысты) Орынбай Тұрысбеков; Алматы облысы Жарсу кеңшарының тұрғыны 1928 жылы туған (Шапырашты) Қожахмет Кәрібаев; Алматы облысы Жарсу кеңшарының тұрғыны 1905 жылы туған (Шапырашты) Ыдырыс Сүлейменов; Шымкент облысы Төрткүл ауылының тұрғыны 1888 жылы туған (Қараңойлы) Қожатай Төлеков және басқалар. Сонымен, қазақ шежіресінде қатталғандай, Ысты Бәйдібекке немере, ал Бәйдібектің өзі Үйсінге шөбере болып келеді. Соған сәйкес Бәйдібек - Ұлы жүздегі жеті рудың (Сарыүйсін, Дулат, Албан, Суан, Ысты, Ошақты және Шапырашты) атасы. Аңызға қарағанда ЬІсты Жәлменденің екінші әйелі - Сландыдан (бұрынғы күң) туады.
Шежіре бойынша Ысты екі ата: Ойық пен Тілікке тарайды. Ойықтан төрт тармақ: Есім, Малай, Таз, Құланшы. Есімнен Алакөз атасы шығады. Малайдан - Бәйтік, Сүйіндік, Қалжан, Қара мен Жантүгел; Таздан - Әлмамбет, Байменбет мен Сарыкемпір; Құланшыдан - Амантай мен Жамантай. Тілік руы бірнеше тармақ: Тазша, Таздар, Асанқараған, Сексен, Байқараған, Қоңыр, Жырымсыз бен Ақмолда. Қоңырдан Ахметей, Құралай мен Қамыс. Ахметейдің үш ұлы бар: Қожамқұл, Сүйші. Қозықырған. Қожамқұлдың жеті ұлы болды: Өтес, Бойша (Тойбай), Шөтен, Сартақ, Айдарбек, Қолсадақ (Алай, Байшехан ), Қожансүгір. Құралайдан екі ұл: Аққойлы, Қарақойлы. Соңғыдан Төбе би, одан Қарақораз бен Жайлау, соңғыдан Көглей (Рүстем) мен Когдімбет (Әжі, Наурызбай, Томай). Ақмолда атасы беске бөлінеді: Есеншора, Ожырай, Боқмұрын, Итаяқ, Сүлгетай. Соңғыдан Бекбауыл, Төртсары, Итемген, Көзтаңбалы (№7 қосымшаны қараңыз). Үрім-бұтақтың кестесінде көрінгендей, көптеген аталар, тармақтар мен ұрпақтарға келгенде деректер жетпегендіктен көп жайды таратып бере алмадық. Соған қарамастан, біз ұсынып отырған ата-тек тарату Ысты рулары, оның рулық құрылымы жайында едәуір толық түсінік береді. Ыстының рулық жауынгерлік ұраны - «Жауатар», ал таңбасы - | (көсеу). Бұл ұран мен таңбаны бізге белгілі бүкіл әдеби деректер бір ауыздан мақұлдайды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ысты рулары үш уезде: Верный (Жетісу), Әулиеата мен Шымкентте (Сырдария) қоныстанды. Н.Аристовтың көрсетуінше, бұл уақытта Верный мен Әулиеата уездерінде - 1500 шаңырақ, ал Шымкентте - 3500 шаңырақ, М.Тынышбаевтың мәліметі бойынша 1917 жылы Ыстылар Верный уезінде - 10 мың жан, Әулиеатада - 20 мың, Шымкентте 20 мың жан болса, бұл өлкеде барлығы 50 мың жан Ысты түтінің түтетіп отырды. Бұл мәліметтер, әрине, бұлтартпайтын дәлел болмаса да, үш уездегі олардың қоныстануы туралы біршама түсінік бере алады. Мәселен, Верный мен Әулиеата уездерінде Ойық руының көптеген өкілдері қоныс тепсе, ал Шымкент өңірінде Ысты руының Ойық та, Тілік те аталары қанаттас өмір сүріп жатты. Демек, бұл Ойық руы сан жағынан Тілік руынан басым түсіп жатқанын көрсетеді. Верный уезінде тұратын Ойықтың әртүрлі қауымы, негізінен, үш жерге топтасты. Бірінші топ Іленің төменгі ағысында Жалайыр руының Байшегір атасымен араласып-құраласып, Астау, Қара, Көкібай құмында, Маңдай, Құдық, Қарағайқұдық шатқалында, Топар мен Көкталдың Ілеге құятын тармағында, Көкшекпен, Киікбай, Байтайлақ, Бескемпір мен Шоғырлы қойнауында тұрып жатты.
Ойық руының қауымдастығының екінші тобының Аңырақай тауының етегі, Жыңғылды, Еспе, Ашқұдық пен Қопалы өзені аңғарындағы Айтақсай, Райсай, Құрмансай, Қарасай шатқалдарында қыстаулары болды. Ойық руының қауымдастығының үшінші тобы уездің ең қиыр оңтүстігінде Кіші Алматы, Тереңқарасу мен Исатайқарасу өңірінде қыстады. Күзеу мен көктеулері Қарой шатқалының маңайында болды. Бұл топтың көптеген малшылары жайлауда тауға кетіп, бәз-біреулері қыстаудың қасын төңіректеп қалды. Бұл топтардың қауымдастығы қай жерде болса да, олардың әрқайсысы жалпылай ортақтасып пайдаланатын жайылымы мен шағын жері болды. Мал өсіріп, егін салды. Әулиеата уезіндегі Ойық руы қауымдастығының тобы, негізінен, екі жерде тұрақтады. Бір тобы Шу өзенінің төменгі жағында, сол жағалауды Шымкент уезінің шекарасына дейін жайлап, төлеңгіттер және дулаттармен қабаттас қоныстанды.
Мейлінше шоғырланған екінші тобы Талас өзені ағысының ортасында екі жағалауда: Ащыкөл мен Ақкөл көлдерінің атырабында, сонымен қатар Әулиеата айналасында өмір сүрді. Ойық руының бұл қауымдастығының топтары суармалы жерді баптап, оған қоса төрт түлік өсіріп, отырықшы және жартылай отырықшы күн кешті. Дәулетті шаруашылықтар жайлауы алыстағы Қаратау қойнауына немесе Алатау аясына еніп кететін. Дәнді дақылдар егіп, бау-бақшамен айналысты. Шымкент уезінің жерінде Ысты руының Ойық және Тілік аталары кең тараған. Егер Верный мен Әулиеата уездерінде тек Ойықтар тұрса, Шымкент уезінде Ойықтан басқа Тіліктер де қоныстанды. Айта кету керек, бұндағы Ойықтар саны аз болса, Тіліктер Ысты жұртының шамамен үштен төрт бөлігін құрады. Ойық қауымдастығының шағын тобы Шымкенттің батыс жағында Арыс өзенінің сол жағасында, Сырдарияның оң жағасында қыстайтын Жаныс қыстауларына дейін барып жүрді. Ысты руы қауымдастығы Тілік атасының үлкен екінші тобы Әулиеата уезінің шығыс шекарасына дейінгі орасан үлкен алқаптағы Боралдай, Бөген, Шаян, Мыңбұлақ, Арыстанды, Шалдыөзек пен Қарабас өзендерінің бойында орналасты. Бұнда Қызылжар, Ақтас, Қайнар, Майбұлақ шатқалдары бар еді. Бұл осы өлкені жайлаған Ысты руы Тілік аталарының ең саны көп шоғырланып отырған тобы болатын. Ысты руының Тілік атасы қауымдастығының шағын тобы Шу өзенінің сол жағалауында солтүстік шекараға дейін көшіп-қонып жүрді. Тіліктердің қыстаулары Шу өзені мен батыста Мойынқұм құмының шегіне дейін жетіп, шығыста солтүстік-шығыс бұрыштағы Төлеңгіттермен қоңсы қонды.
Ысты руының бұл қауымдастарының тобы өз ағайындары сияқты отырықшы және жартылай отырықшы болып күн кешіп, мал өргізіп, суармалы жерлерді игерді. Егістік қыстау қасындағы өзендер жағасында, күзеулер мен көктеулер де алысқа кетпей, Мойынқұм маңайында болатын. Жазғы жайлау Қаратаудың теріскейі мен күнгейінде Қазығұрт беткейінде орналасты. Сонымен, Іле, Шу, Талас, Арыс және өзге де оңтүстік өзендерінің жағасын жайлаған Ысты руының қазақтары қысқа қарай түндігі ашық бірнеше қанатты шошала тігетін. Оларды қамыстан, тас пен шикі кірпіштен тұрғызатын. Бұл үйлер орталықтағы ошақпен немесе бұрыштағы қазандықпен жылынатын. Жылытатын пешті ілуде біреу болмаса, көпшілігі білген жоқ. «Жатақ» аталатын жарлы-жақыбайлар көбінесе жеркепелерде тұрды. Ысты руының малы көп ірі байлары Қызылқұм мен Мойынқұм құмдарын жиі қоныс аударып мекендеді, жазда да, қыста да ыңғайлы киіз үй тұтынды.
Ал, жалпы алғанда, қазақтың төл шежіресін, әр ру мен әр үш жүздің қалай және кімнен тарағанын білгіңіз келсе, Алаш Орда үкіметінің мүшесі, тілші Кәрім Бәтішұлының 1911 жылы «Айқап» журналына жазған «Қазақ шежіресі» атты туындысын шолып шығуыңызға болады.
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ
Түрік нәсілінен «Алаш есімді бай һәм балалары көп бақытты бір адам Алаша ханның заманында мәшһүр адамдардан саналып тұрыпты. Сол заманнан қалған бір сөз бар: «Алаш, алаш болғанда, Алаш хан болғанда, таңбасыз тай енсіз қой болғанда» деген.
Алаштан екі бала туған — Сейілхан, Жәйілхан деген. Жәйілханнан - Майқы би. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген сөз бар. Майқы биден - Өзбек, Сыбиян. «Өзбек - аз ағам, сарт - садағам» деген сөз осыдан қалған. Сыбияннан, Айырқалпақтан - Қазақ, Созақ. Созақтан - Қарақалпақ.
Қазақтан үш бала туады. Ақарыс, Жанарыс, Бекарыс. Бұлардың әрқайсылары бай һәм мәшһүр адамдар болған. Нәсіл, несіптері көп болып, тап-табымен барып Қаратау деген жерге шәһәр болып, бірнеше жыл отырыпты. Үлкеніне қараған елді «Ұлы жүз», ортаншысына қараған елді «Орта жүз», кішісіне қараған елді «Кіші жүз» деп атаған. Кәдімгі таудың арғы жүзі, бергі жүзі деген секілді. Мұнан біраз заман өткен соң бұларға жеті жыл тұтас ашаршылық келген. Еңкейген кәрі, еңбектеген жас өле бастаған соң бұлар бас қосып, ойласып, тұс-тұсына бытырап күн көруге, әуелде таудың оңтүстігінде - өзінің отырған жағына ұлы жүз, күншығыс жаққа орта жүз, кіші жүз өзінің отырған күнбатыс жағына, әрқайсысы өзінің туған-туысына кетіп күн көрмекші болып, жиылып амандасып тараған. Бұл жиылып тұрған жерде бір өлеңші зарлық етіп, үш ауыз өлең айтқан. Сөздің басы осы:
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен,
Қара көзден мөлдіреп жай келеді.
Мына заман, қай заман, бағы заман,
Баяғыдай бола ма тағы заман?!
Атадан ұл, енеден қыз айырылды,
Көздің жасын көл-дария ағызамын.
Мына заман, қай заман, қысқан заман.
Бақыт құсы басыңнан ұшқан заман.
Топырақ пен аспаннан шаң борайды,
Қаңтардағы күн суық қыстан жаман.
Бізге қысым көрсеттің қатты, Құдай,
Қабырғама қара жер батты, Құдай.
Жаяу жүрсем, табаным ауырады,
Тым болмаса, бермедің атты, Құдай!
«Қаратау» деген өлеңді «Мен қазақ» деген заттың бәрі біледі.
Ұлы жүз Ақарыстан екі бала - Үйсін, Дулат. Үйсіннен төрт бала - Шаңышқылы, Қаңлы, Ошақты, Іргенекті. Дулаттан төрт бала - Ботбай, Шымыр, Сиқым, Жаныс.
Орта жүз Жанарыстан жеті бала - Тарақты, Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ. Әр атаның баласы соңғыларын өздері білу міндет. Міне, бұл жерде Қыпшақты жазамын. Жанарыстан - Ақтымсопы, онан Қыпшақ, онан Ақкөбік алып, одан Солым алып, онан Мүйізді сары абыз, онан үш бала - Қара, Құла, Сары. Қараның әулеті Қарақыпшақ атанады. Сарының әулеті Қытайқыпшақ атанады. Яғни қоныстары Қытай қолтығында болғандықтан, Құланың балалары Құланқыпшақ атанады.
Жоғарғы айтылған Қарадан Құланды, онан Тоқтар, онан бес бала туады: Бұлтың, Торы, Ұзын, Қарабалық, Көлденең.
Кіші жүз Бекарыстан Алшын туады, онан Алау батыр, онан Құдуар тентек. Ақылың болса, ала байтал соға шап деген нақыл осы кісіден қалған екен. Құдуардан екі бала - Қыдырқожа, лақабы «Бай», Қаракесек. Қыдырқожадан он екі бала - Қыдырсиық, Бақытсиық, Сұлтансиық, Есентемір, Асық, Қызылқұрт, Масқара, Таздар, Алтын, Жаппас, Адай, Беріш.
Қаракесектен - Әлім, Шөмен, Кете, Ожырай, Әлімнен Төртқара, Шекті. Шөменнен - Аспан, Бозғұл, Тоқа, Көнен. Кіші жүзге қосылған жеті рулар: Жағалбайлы, Тілеу, Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан.
Бұл - Алаштың барлық қазақтың атасы екендігінің куәсі. Бұрын қазақ бөтен халықпен шектессе, біреуі «Алаш» деген ұранды шақырса, бәрі бірыңғай болып, тез жиылып, тілек қосып қалады екен. Бұл сөздер — біздің бұрынғы кәрілерден естіген сөздер. Қадірі хал білгенімізді жаздық. Мұнан артық білушілер болса, білгенін ішіне сақтамас, халыққа жазып білдірер деп үміт етеміз.

Шежире для русскоязычных казахов Шежире (каз. шежіре) — генеалогическая родословная у казахов и кипчакских народов, например, татар и башкир. Как правило представляет собой письменное или устное перечисление предков по прямой мужской линии. Также распространен синонимический вариант шежире — Жети-Ата (букв. перевод с казахского — семь дедов). Считается, что знание шежире (или своих предков до седьмого колена) является обязательным для каждого казаха. Это позволяет избежать близкородственных браков. Содержание •1 Казахи и шежире •2 Современные шежире •3 См. также •4 Ссылки Казахи и шежире Отношение казахов к шежире является сакральным. Многие современные казахи пытаются восстановить свои корни и очень серьёзно изучают свою родословную. Согласно древним традициям, род у казахов передается через мужскую линию. Но иногда в эти записи включают и наиболее выдающихся женщин. Кроме имён эти записи содержат биографии, историю и географию наиболее значимых событий, легенды. Современные шежире Массовое увлечение казахами шежире выражается в издании многотомников с перечислением всех членов определенного рода. Например, такие большие роды как Найманы, Дулаты, Албаны, Байулы или Алимулы могут насчитывать до одного миллиона человек только в составе казахов, не учитывая другие народности, они могут иметь несколько измененные названия (Дулу→Дуглат→Дулат). Для сравнения численность Аргынов превышает миллион, а с учётом неказахских Аргынов составляется несколько миллионов. Книги с перечислением шежире могут составлять 3 и более томов. Шежире состоит из трех жузов Старший жуз Айдарлы Акарыс Аксакал Албан Алыбай Асан Байдибек Байдолла Байтерек Бактияр Беимбет Бирманак Ботбай Дулат Ескельды Жалайыр Жалманбет Жансакал Жаныс Жаримбет Жарыкшак Жолдаболды Ибраиым Іле Калыбай Канлы Караш Кейкі би Когам Куйылдар Курті Меайкы Мекрейіл Ойсыл Ошакты Сакалды Сары Сарыуйсін Сіргелі Суан Сыйкым Сырманак Толыбай Узынсакал Уйсіл Шанышкылы Шапырашты Шегир Шуманак Шыбыл Шымыр Ысты Средний жуз Аргын Атыгай Ашамайлы Баганалы Базархан Байталак Балталы Басентиин Бахрам Бегендык Беймен Бетке Болаткожа Елемес Ергенши Ер-Косай Ескара Жадик Жаманбай Жангулы Жантекей Жантели Жастабан Ители Казыгул Камбар Канжыгалы Карагерей Каракас Каракесек Каракипчак Карасопы Каратай Караул Карауыл Кенсадак Керей Кетбуга Китайкипчак Кокжарлы Коккоз Конырат Котенши Куандык Куланкипчак Кылдыбатыр Кыпшак Мадьяр Матай Мейрам Меркит Молкы Мулкиаман Наганай Найман Садыр Сарман Сарысопы Суиндык Суйениш Таракты Тобыкты Токпак Токтамыс Тортеуыл Тортул Торыкипчак Уак Шегендык Шеруши Шимойлы Шубарайгыр Шубыртпалы Младший жуз Адай Алаша Алимулы Алтын Байбакты Байсары Байулы Баксиик Бериш Есентемир Жагалбайлы Жаппас Жетыру Каракесек Карасакал Кердери Кереит Кете Маскар Ногай-казак Рамадан Султансиик Табын Таз Тама Тана Телеу Торткара Шекты Шенеш Шеркеш Шумекей Ысык Возникновение 3-х жузов Вопрос о жузах также является не вполне решенным. В определении самого термина «жуз» большинство историков считают его объдинением казахских родов и племен. Само слово «жуз» переводят как «ветвь», «часть», «сотня». Сложным является вопрос о причинах и времени образования жузов. Деление этноса на части типа жузов имело место в истории ряда народов (древнеримские трибы-племя, у северо-американских племен - тройственные союзы), но до настоящего времени оно сохранилось только у казахов. Причины образования жузов: 1. Хозяйственно-экономические условия, кочевой образ жизни(С. Асфендияров, М. Вяткин, В. Бартольд). Деление территории Казахстана для кочевого скотоводства на три естественно-географические области: западную - на р.Урал; среднюю - на реке Сарысу, Чу, низовья Сыр-Дарьи, по Ишиму, Тоболу и Иртышу, и восточную - в Джетысу. 2. Природно-географические (территориальные) факторы. 3. Военно-политические факторы (для защиты). 4. Исторические традиции (деление племен на западное, восточное крыло, центр - еще с хуннов, тюрков, монголов и тд.). Помимо научных объяснений имеются различные легенды по поводу происхождения жузов. (отражают события с VIII века и ранее). Жузы имеют названия: Старший (Великий), Средний и Младший. Значение такой иерархии тоже объясняют по-разному. В частности, Великим считается жуз по его древнему происхождению, он - прародина всех племен; Младшим – потому, что он оформился позднее всех. Территории и основные роды и племена, составляющие жузы: Старший жуз - это Семиречье и Южный Казахстан - сарыуйсін, дулаты, жалаиры, канлы и др. Средний жуз - Восточный, Северный и Центральный Казахстан - аргыны, кыпчаки, найманы, кереи и т.д. Младший жуз - Западный Казахстан - алимулы, байулы, жетыру и др. Когда образовались жузы? По разному трактуют время образования жузов, которое относят к периоду с X в. по XVI в. (распад Западно-Тюркского каганата или три самостоятельных улуса в XV-XVI вв. положили начало казахскому ханству и др. ). Большинство склоняются к XVI веку. Однако в последнее время такая точка зрения вызывает возражение. В частности, Е. Арынов, Е. Абенов и др. сомневаются в том, что кому-то было выгодно разделить единое Казахское ханство на три части, что не части состоят из целого, а целое из частей. Таким образом, считают они, образованию Казахского ханства предшествовало по времени образование жузов. Жузы в истории казахского народа играли важную роль в регулировании общественных (административно-территориальных, хозяйственно-экономических, политических) отношений.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста