Жаңа туған жеті нәрестені өлтірген медбике ең ауыр жазаға кесілді

Жаңа туған жеті нәрестені өлтірген медбике ең ауыр жазаға кесілді

Британ соты жаңа туған бірнеше нәрестені өлтірді деп айыпталған медбикені елдегі ең қатаң сот жазасына кесті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі, Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Euronews хабарлауынша, 33 жастағы Люси Летби Англияның солтүстік-батысындағы аурухананың неонатальды бөлімшесінде медбике болып жұмыс істеген бір жыл ішінде жеті сәбиді, оның ішінде екі үшемді өлтіргені және тағы алты баланың өміріне қастандық жасамақ болғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

 

«Осы сот процесінде сіз өзіңіз істеген қылмыстарыңыз үшін жауапкершіліктен бас тартып, кінәні басқаларға жүктеуге тырыстыңыз. Сіз еш өкінген жоқсыз. Сот шешімін жеңілдететін жағдайлар болған жоқ. Бірнеше адамды өлтіру және өлтіруге оқталу қылмыстары ерекше ауыр және әділ жазаны талап етеді, яғни заң бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделеді», - деп атап өтті судья Джеймс Госс.

 

Өлтірілген және мүгедек болып қалған балалардың ата-анасымен кездеспес үшін Летби сот отырысына қатыспауға шешім қабылдады. Британ заңының рұқсатымен оның сотқа келмеуі жұртшылықтың ашуын туғызды. Көптеген саясаткер мен құқық қорғаушылар қылмыскерлерді жәбірленушілер мен олардың отбасыларымен кездесу үшін сотқа келуге мәжбүрлеу үшін заңға өзгерістер енгізуді талап етті.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста