Үндістанның Чхаттисгарх штатында азық-түлік инспекторы Раджеш Вишвас суға түсіп кеткен телефонын табу үшін бүкіл суды ағызып жіберген. Бұл туралы The Indian Express жазды.
32 жастағы Раджеш Вишвас демалыста селфиге түсем деп телефонын суға түсіріп алған. Екі күн бойы су астындағы телефонын табуға тырысқан, бірақ іздеу сәтсіз аяқталған.
"Мен жергілікті болғандықтан, жүзуді жақсы білетін кейбір ауыл тұрғындары телефонымды табу үшін сүңгіді. Олар екі күн іздеді. Сосын суды сорғызуды ұсынды. Мен телефонның бұзылғанын, іздеуді тоқтатуды айттым, бірақ менімен қарым-қатынасым жақсы олар "телефоныңызды тауып береміз" деп табандап тұрып алды", - дейді шенеунік.
Шенеунік суды шығаруға ауызша рұқсат берген Су шаруашылығы басқармасының жауапты қызметкеріне телефон соққан. Бұл су 600 гектар алқапты суаруға жеткілікті болар еді.
Нәтижесінде телефон табылған, бірақ бұзылып қалған. Ал Раджеш Вишвас қызметінен босатылды. Ол да суды ағызуға рұқсат берген қызметкер сияқты шығынды өтеуге мәжбүр болады.
Т. Раушанұлы