Миллиардерлердің әйелдері кіммен және не үшін ойнас құратынын "Лайф" сайты анықтауға тырысты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.
Британиялық сот ресейлік миллиардерді өзінің бұрынғы әйеліне 453 миллион фунт стерлинг төлеуге міндеттеді. Сот миллиардердің есімін атамаса да, ел арасында оның Фархад Ахмедов екені туралы сыбыс тарап кеткен.
Судья сотқа 61-жастағы мұнай-газ магнаты, Кавказ тумасы қатысқанын мәлімдеді. Ал оның бұрынғы жары 41 жаста. Олар Мәскеуде некесін қиып, Суррей графтығына көшіп барған. Ажырасудан кейін әйел бұрынғы күйеуінің 41,5% мүлкін иеленеді.
Тағы да оқыңыздар: Тараздық жігіт ата-анасының несиелерін төлеу үшін мұхит асып, АҚШ-қа кетіп қалды
Кейін бизнесменнің қаңтар айында-ақ сотқа шағым түсіргені белгілі болды. Ол әйелін өз ұлының сыныптасымен ойнас құрды деп айыптап, ажырасуды талап етіпті.
"Миллиардерлердің әйелдері әдетте жағдайы өзінен әлдеқайда төмен жас жігіттермен күйеуінің көзіне шөп салады. Тіпті өз ұлдарының құрдастарымен төсек қатынасына баратындар бар. Байдың әйелдері қалағанын алып үйреніп қалған. Олар 40-қа келгенде жас жігіттерге көз қырын салады. Жас дарын иелеріне қайырымдылық жасау желеуімен ойнас құрып жүретін әйелдер де бар. Ондай әйелдер өмірі жұмыстан қолы босамайтын бай күйеуінен таппаған жылылықты сырттан іздейді", - дейді сексолог-дәрігер Александр Полеев.