Ютуб әлеуметтік желісіне өзбекстандық Месимба Аджелялованың қарт адамға қалай қорлық көрсеткені туралы бейнежазба тарап, көпшіліктің ашуына тиді.
Бұл туралы bimedia.kz жазады.
Ол белгілі инженер-өнертапқыш Владимир Брувердің күтушісі болып қызмет атқарады.Миына жасалған отадан кейін мемлекеттік сыйлықтың иегері Владимир Бруверге “Альцгеймер” диагнозы қойылған.
Мейірімсіз күтуші Владимир Бруверді 1 жылға жуық ұрып келген. Владимирдің жағдайы нашарлап жүргенін байқаған қызы үйіне жасырын камера орнатқызған. Нәтижесінде әкесінің күтушіден қандай қорлық көріп жүргенін білген.