Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды

Түркияда 11 күн бойы үйінді астында жатқан қыз бала құтқарылды

Түркияның оңтүстік-шығысындағы Хатай провинциясында жойқын жер сілкінісінен 248 сағат өткен соң 17 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Алейна Олмез Кахраманмараш қаласындағы Каябашы ауданындағы тұрғын үйдің қирандыларының астында 11 күн бойы жатқан.

«Алғашқы көмек көрсеткеннен кейін дәрігерлер оны ауруханаға жіберді», - делінген хабарламада,
Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11 күннен бері жалғасып жатыр.

Эпицентрі Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36,1 мыңнан асты.

Айта кетерлігі, Қазақстан Түркияға тағы 55 тонна гуманитарлық көмек жіберді. ҚР Үкіметі апат болған алғашы күні-ақ Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жөнелткен болатын. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шұғыл жәрдем ретінде 1 миллион доллар бөлінетінін хабарлады. Бұдан бөлек, қазір зілзала болған аймақта қазақстандық құтқарушылар да адамдарды іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал қазақстандық еріктілер Кахраманмараш қаласында 100 қазақ үйін тігіп жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста