Төрт ер адам 13 жасар қызды жабылып зорлаған

Осы іске қатысты елдің Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ретінде төрт ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Azattyq Ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөзіне сүйенсек, 13 жасар қыз баланың иен далада төрт ер адамнан зорлық көргені туралы алдымен жергілікті басылымдар жазған.

 

Олардың мәліметінше, қыздың анасы өмірден озып, ол үлкен ағасының қолында тұрған. Қызды үлкен ер азаматтармен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген қыздың жеңгесі деген ақпарат бар. Оны төрт ер адамға ұстатып жіберген де жеңгесі деп жазған жергілікті ақпарат құралдары.

 

Осылайша, көлік жүргізушісін қоспағанда, 13 жастағы қызды үш ер адам иен даладағы қираған ғимаратқа апарып, кезек-кезек зорлады деген ақпарат тараған.

 

Өзбекстанның UzNews.uz басылымының тілшісі Бухара облысы Ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Шухрат Джалоловқа тікелей телефон соғып, ресми мәлімет сұраған.

 

Джалоловтың тілшіге берген мәліметіне сүйенсек, қазір осы іс бойынша Бухара облысының Тергеу басқармасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 118 бабының төртінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын қолға алған.

 

Қазір қыз баланы зорлады деген күдікпен үш ер адам және оларды иен далаға апарған көлік жүргізушісі қамалған.

 

Тергеушілер бұл іске қатысы бар болуы мүмкін деген өзге тұлғаларға қатысты тексеру бастаған.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста