Жексенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Лешань қаласында тау опырылып, салдарынан 19 адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.
Қытай орталық телеарнасының хабарлауынша, жексенбі күні таңертең Сычуань провинциясының Лешань қаласындағы мемлекеттік орман шаруашылығы кәсіпорнының аумағында тау опырылған.
Оқиға орнына іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 600-ден астам адам жіберілді. Іздеу жұмыстары жергілікті уақыт бойынша 20:00-де аяқталды.
Қазір таудың опырылу себептерін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.