Калифорниялық танымал Youtube блогер 29 жастағы Тревор Джейкоб 20 жылға басбостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KYN.KZ-ке сілтеме жасап.
Бұған басты себеп, көп қаралыммен мыңдаған лайктар. Жақсы көрсеткішке қол жеткізу үшін ол өзінің әдейі ұшақты жарып жібергенін мойындады.
Джейкоб өзінің арнасында компанияны ілгерілету бойынша демеушілік келісім аясында апаттан ақша табуға ниетті екенін мойындады, деп хабарлайды АҚШ прокуратурасы. Ол федералды тергеуге тосқауыл қою үшін, қылмыстық айып бойынша кінәсін мойындауға келісті деп хабарлады Әділет департаменті.
Тревор Даниэль Джейкоб ұшудың ресми ережелерін бұзып, басқа адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндірді.
Әділет департаментінің мәлімдемесіне сәйкес, Джейкоб сотқа алдағы апталарда келуі керек.