Ингушетияда шаңырақ көтергісі келетіндер бұдан былай некеге тіркеу алдында ВИЧ-инфекциясымен ауырмайтыны туралы және есірткіге тәуелді еместігін дәлелдейтін анықтама беруге міндеттеледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы islam.kz тілшісі IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
Аталған республика басшысы Махмұд Әлі Қалиматов мұндай қадамға соңғы жылдары есірткі кесірінен ажырасқандар санының көбеюіне байланысты барып отырған жеткізді.
Бұл шара өз кезегінде мұндай келеңсіздіктің алын алып, отбасы институтын сақтауға көмектесуі тиіс.
Мұндай ережені алғаш қабылдаған Ингушетия емесін айта кетеміз – бұл ереже көрші Шешенстанда он жыл қолданыста.
Бұдан бөлек, Ингушетияда қыркүйек айында қолданысқа енетін аталған ереже талпатарына сәйкес қалыңдықтан немесе болашақ күйеу баладан баласының есірткіге тәуелді екенін жасырған ата-аналарға да айыппұл салынады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz