Сусиыр 2 жасар баланы жұтып, қайтадан түкіріп тастады
Угандада сусиыр екі жасар балаға шабуыл жасап халықты шошытты. Ата — анасы су жағасына баланы отырғызып, жұмыстарымен жүрген. Кенет судан сусиыр шығып баланы тістелей бастаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кyn.kz-ке сілтеме жасап.
Мұны көрген халық шоығаннан сусиырға жабыла тас ата бастайды. Баланы толықтай аузына салып алған сусиыр тұмсығын жауып, сүңгіп кетпекші болды. Елдің шуынан шошыса керек, қайтадан жағаға бұрылып, баланы құрғақ жаққа қарата түкіріп жіберген.
Көпшілік есін білмей талып жатқан баланы жуындырып, бірден жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер келмей жатып тұрғындар баланы жасанды тыныстандыру арқылы есіне келтіреді.
Ауруханаға жылап барған Пол Ига есімді балақай не бәрі екі сағаттың ішінде толық тексеруден өтіп, денсаулығына ешқандай зиян келтірілмегені нақтыланғаннан кейін үйіне жіберілген.