Норвегияда суретші әйел Хильда Крон Хьюз «жалаңаш перфоманс» қалпында ағашқа қыстырылып қалып, үш сағат бойы сырттағы жұрттан көмек сұраған. Бұл туралы wow-impulse хабарлады.
Суретші әйел тыр жалаңаш күйінде ағаштың басына өрмелеп, одан жіпке шырматылып, жерге түсе алмай қалған. Сол кейпінде үш сағат асылып тұрып, жұрттан жәрдем сұраған. Ақырында біреулер үстінен түсіп, құрсаудан босатып алыпты.
Қыз Аукредегі орманға жалғыз барып, өзін өзі видеоға түсірмекші, яғни видео-инсталляция жасамақшы болған. Бірақ қасында көмектесетін адам болмағандықтан, бәрі өзінің ойлағанындай бола қоймаған.
«Мен ағаштың үстіне шыққанда, өзімді нашар сезіндім. Ал видеоны бірінші рет көргенімде, бәрін қайтадан басымнан өткізгендей болдым. Бірақ бірқатар уақыттан кейін видеоның жап-жақсы шыққанын ұқтым», – деп жазды суретші қыздың өзі бұл туралы.
Қазір «инсталляция» деген суретшінің қауқарсыз болып қалған шағын білдіретін ұғымға айналыпты.
ras.kz