Нигерия (Африка құрлығының батыс аймағындағы мемлекет) парламенті студенттерді қандай да бір айла-шарғымен, соның ішінде, қырындап немесе қызметін асыра пайдаланып төсек қатынасына тартқан оқытушылар үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған заң жобасын қабылдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі islam.kz-ке сілтеме жасап.
Мұндай ақпаратты Channels TV телеарнасының дерегіне сүйенген ТАСС ақпарат агенттігі тілшісі таратты.
Дәлірегі, жаңа ереже студенттерді жыныстық қатынасқа көндірген жағдайда педагогикалық қызметкерлерді 14 жылға бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Нигерия университеттеріндегі жыныстық қудалауды болдырмауға арналған алғашқы заң жобасы осыдан бірнеше жыл бұрын, яғни, 2016 жылы Парламентке ұсынылған болатын, арада жеті жылдан кейін ғана қабылданды.
Енді заң қолданысқа енуі үшін мемлекет басшысы қол қоюы керек.
Нигерия – ислам елдері ұйымының мүшесі. Мұсылмандар ел халқының 53,6%-ын құрайды, 45,9%-ы христиандар, 6%-ға жуығы өзге діни наным-сенім өкілдері.