Биылғы жылдың шілдесі - жер бетіндегі соңғы 120 мың жылдағы ең ыстық ай болып тіркелді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Аптап ыстық көптеген елді әбігерге салды.
Испанияда көлеңкенің өзіндегі ауа-температурасы қырық градустан асты.
Ал АҚШ-тың үй-күйсіз жүрген адамдары биліктен көмек сұрап, әлек. АҚШ-тың Аризона штатында күн май еритіндей күйіп тұр. Шыжығаны сонша, жан шыдатпайды.
Әсіресе үй-күйі жоқ аздамдар қатты қиналып жатыр. Өйткені паналайтын орын болмай, күн астында қалуға мәжбүр.
Айтуларынша, қол ұшын созатын биліктен қайыр болмай тұр.
ДЖЕССИКА БЕРГ, жалдамалы пәтер иесі:
- Сыртқа шықсаң, терің сыпырылып түскендей күй кешесің. Өте ыстық. Күйік шалып ауруханаға түсіп жатқан азаматтар бар. Жұрт аптаптан қалай қорғанарын білмейді. Ешқандай көмек жоқ.
Ғалымдардың айтуынша, 2023 жылдың шілдесі адамзат тарихындағы ең ыстық ай болып отыр. Бұған аптаптан ажал құшқан адамдардың саны дәлел.
Тек өткен жылдың өзінде Еуропада 20 мыңнан астам көз жұмған. Жағдайды реттеуге дамыған мемлекеттердің өзі дәрменсіз.
КАРСТЕН ХАУСТЕЙН, ғалым:
- Былтыр тіркелген аптап ыстықта адамдар ажалмен арпалысқандай болды. Тек Ұлыбританияда 3 мың адам көз жұмды. Бір өкініштісі, елдің әлеуеті қаншалықты зор болғанымен бұған ешкім араша түсе алмады.
Ғалымдардың айтуынша, жыл өткен сайын асқынып жатқан аптап 2060 жылға қарай нормаға айналады.
Сондықтан қазірден бастап ми қайнатар ыстыққа болу керек дейді.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz