Ұлыбритания тұрғындары Мэри мен Скотт секс-қуыршақпен бірге тұратындарын жалпақ жұртқа жария етті. Азаматтық некедегі ерлі-зайыпты жақында секс-қуыршағымен бірге дүркіретіп той жасамақ. Бұл туралы NUR.KZ порталы delo-kira.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерлі-зайыптының ортақ ұлы мен секс-қуыршағы бар. Скотт Меган есімді қуыршақты "тоқалдыққа" алған.
Мэри бұл жайтқа еш қарсылығы жоқтығын айтуда. Ол күйеуін төсекте қуыршақтан қызғанбайтынын алға тартты.
Скотт болса, қуыршақтан гөрі әйелін көбірек жақсы көретінін жасырмайды. Алайда секс-қуыршақпен бірге тұрып жатқаны оны бақыттырақ етеді екен.