Ресейдің Самара облысындағы "Промсинтез" зауытында жарылыс кезінде алты адам қаза тапты. Бұдан бөлек, екі адам жарақат алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап жазды.
Төтенше жағдайлар қызметі таратқан мәліметке сәйкес, Чапаевск қаласындағы "Промсинтез" зауытында қондырғыларды бөлшектеу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан кезде жарылыс болған.
"8 адам зардап шекті. Олардың алтауы көз жұмды", - дейді құтқарушылар.