Соңғы күндері өте көп талқыға түскен қытай күйеу жігіттеріне қатысты әлеуметтік желі қолданушылары сол елдегі халықтың күн көріс кәсібі, жейтін тағамдары жайлы түрлі видеоларды жаппай жариялауда.
Facebook әлеуметтік желісінде таралған мына видеоларды қарап тұрсақ, монтаж деуге келмейді. Арнайы бір адам ұялы телефонына түсіріп, интернетке таратқаны белгілі. Видеоның сапасы да оған дәлел.
Ал, мына видеодан қытайлардың итті қалай сақтап жейтінін көруге болады.
Сонымен қатар, қытайлардың көпшілік алдындағы арсыз іс-әрекеттері де әлеуметтік желі қолданушыларының жағасын ұстатты. Біреулері мұны ақша табудың жолы десе, енді біреулері бұл қытай қалыңдығының өз тойында омырауын ұстатып суретке түсуі олардың салтында бар дейді.
Әлеуметтік желілерде таралған осы сынды видеолар «Қазақ қызары, қытайға тисеңдер осылай өмір сүресіңдер немесе қытайлар секілді осылай бақа-шаян, ит жеп жүресіңдер» деген жазбамен тараған.