Қытайдағы жер сілкінісін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 2023 жылғы 20 ақпанда Алматы уақытымен таңғы сағат 8:21-де тіркеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 409 шақырым жердегі Қытай аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,5;
- MPV Магнитудасы 4.2;
- Эпицентр координаттары 41,67° с.е., 81,42° ш.б.;
- Тереңдігі 10 км;
- Сезілу туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): жоқ.